Жексенбі, 11 Мамыр 2025
1460 3 пікір 15 Қыркүйек, 2023 сағат 13:01

Интернет іздеп, дала кезген мұғалімдер: Министрлік не дейді?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Түркістан облысында мұғалімдердің электронды күнделік толтыру үшін дала кезіп жүргені бейнеленген суретке пікір білдірді.

Министрліктің мәліметінше, сурет Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Аққұм ауылында түсірілген. Облыстық әкімдік ұсынған ақпаратқа қарағанда, бұл ауылда 432 адам тұрады. Ауыл тұрғындарына «Кселл» компаниясы ұялы байланыстың 2G және мобильді интернеттің 3G буыны бойынша қызмет көрсетеді.

Дегенмен, Түркістан облысының әкімдігі байланыс операторымен бірге ауылдардағы интернет қызметтерін жақсарту және қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Аталған жол картасына Аққұм ауылы да кіреді.

«Осы жол картасы аясында байланыс сапасын жақсарту үшін антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Содан кейін байланыс операторы - «Кселл» АҚ базалық станса орнатады. Байланыс операторынан базалық станса орнатудың нақты датасына қатысты ақпарат күтіліп отыр. Бұған қоса, министрлік байланыс саласында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледі. Аталған жоба аясында Аққұм ауылын қоса алғанда талшықты-оптикалық байланыс желісінің 3 мыңнан астам қызметімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара қарастырылған», - деп атап өтеді ведомстводан.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2071
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3350