Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4230 0 пікір 11 Шілде, 2013 сағат 11:01

ШҚО: Мега-яхта суға түсті

Зырян ауданы Прибрежный кентінде заманауи үлгіде жасалған, еліміздің өзге өңірлерін былай қойғанда Ресей мен Украинаның өзінде жоқ «Бәйтерек» кемесі айдынға шықты (http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=GV0UokYJLTk). Енді Бұқтырма су қоймасында әлемдік деңгейдегі мега-яхта жүзіп жүретін болады.

Шағын кеменің дизайнын «Proline» компаниясы жасаған. Негізгі тапсырыс беруші – «Қазатомпром Демеу» АҚ, бастама көтерген – «ҮМЗ» АҚ. Негізгі өндірушілер: Ресей, Қазақстан және Украина елдері. Су көлігінің навигациялық қондырғылары әлемге әйгілі өндірушілерден жеткізілген.

Төрт палубалы, екі ебелекті кеменің ұзындығы 48,4 метрді құраса, ені 9,6 метр. Кеме Ресейдің Томск облысы Самусь кентінде құрастырылған.

Бейресми дерек көздеріне сенсек, бұл мега-яхта еліміздің жоғары лауазымды тұлғаларына, «Қазатомпромның» құрметті қонақтарына қызмет көрсетеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668