Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 1679 6 пікір 19 Қыркүйек, 2023 сағат 13:34

Министрлік: Ресей сенімді серіктес болып қала береді...

Ресейдің cауда саясаты тұрғысынан ел серіктесі екені хабарланды. Атап айтқанда, министрлер кабинетінде Ресейдің  қазақстандық өндірушілердің бас импорттаушысы болып қала беретіні айтылды, деп хабарлады "Адырна" порталы. 

"Қазақстандық өндірушілер дайын өнімінің айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 39,4 млрд болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары. Олардың үштен бірі Қазақстаннан шикізаттық емес тауарларды экспортқа тасымалдаудан тұрады.  12,1 млрд доллар сомасына экспорттық жеткізілімдердің ең көп көлемі Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түркияға, алыс шет елдерден - Нидерландыға, Ұлыбританияға, Жапонияға жөнелтіледі", - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Нақтырақ айта кетейік, Ағымдағы жылдың алты айында қазақстандық дайын өнімдерді экспорттау көлемі айтарлықтай өскен. Әрі оны жаһанда жеткізу ауқымы да 114-тен 125 елге дейін кеңейген.

"Отандық тауар өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуын қамтамасыз ету үшін ҚР сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетіп отыр. Бұл - сауда миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдарға жөнелту, оқыту жобалары мен бағдарламаларына қатыстыру сынды бағдарлар. Осылайша, акселерация бағдарламасы қазақстандық компанияларға жаңа нарықты игеруге көмектеседі. Биыл бағдарламаға қатысу үшін тамақ, химия, тоқыма және қызмет көрсету салаларын экспорттайтын 111 кәсіпорын таңдалды.Экспорттаушы компанияларға қолдау көрсету үшін сауда-экономикалық жобалар ұйымдастырады", - деп нақтылады Министрлер кабинеті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608