Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 24 Шілде, 2013 сағат 06:47

Назгүл Сапиянова. Ол – Сәкен Сейфуллиннің шәкірті

Қазақтың тұңғыш мультипликаторы Әмен Хайдар Әбжанұлы биыл 90 жасқа толды.  Оның Сәкен Сейфуллиннің төл шәкірті екенін бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді.

Қазақтың тұңғыш мультипликаторы Әмен Хайдар Әбжанұлы биыл 90 жасқа толды.  Оның Сәкен Сейфуллиннің төл шәкірті екенін бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді.

Қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы перзенті, тоғыз мамандықты бір бойына тоғыстырған, қайталанбас біртуар азаматы   1923 жылы 3 маусымда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Сәкен Сейфуллин алғаш сабақ берген Жіңішке ауылында туған. Әкесі – Хайдаров Әбжан (1890-1975), анасы Хайдарова Зейнеп  жаңа құрылған Қазақ Республикасының тұңғыш мұғалім маман-кадрлары. Сәкен Сейфуллин Хайдаровтың  талабын  байқап елден Алматыға арнайы алдырған. Гүлбаһрамның туысқан-ағайындарының баласы, сол  үйде жатып оқыған талантты жастардың бірі.                                                      Қазақ анимациясының негізін қалаушы, мультипликатор. График, плакатшы, карикатурашы. Кино режиссер, суретші-кескіндемеші. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.       Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем суретшілер училищесін бітірген (1951). Мәскеудегі  мемлекеттік киномотография институтының көркемсурет факультетінде оқыды (1958-1965). 1965 жылдан «Қазақ фильм» киностудиясында  жұмыс істеді. Ол - Қазақстандағы мультипликациондық кино өнерінің атасы. 1967 жылы салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі-түсті «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультипликационды фильм жасалды. Осы мультипликационды фильм Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық  фильмдер фестивалында жүлде (1975) алды. Қазақстан Кинемотографияшылар  Одағы басқармасының мультипликациондық кино және шығармашы жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшы,  Қазақстан Суретшілер Одағы басқармасының хатшысы (1981). Ол Қазақстандағы мультипликациондық кино өнерінің іргесін қалаушылардың бірі. Мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін  ҚР  Мемлекеттік сыйлығын алды. Өзі қойған бірсыпыра фильмдердің сценарийінің авторы. «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» (1967); «Құйыршық» (1969); «Жанар» (1972); «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975);  «Ақсақ құлан» (1968); «Қожанасыр - құрылысшы» (1970); «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультипликациондық фильмдердің авторы.

          Қазақ мультфильмінің ардагерінің ұлттық колоридтке қанық  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін Сәкен Сейфуллин мұражайына өзі арнайы келіп тапсырған. Мұражайдың ең жас көрермендері  халықтың  өткен тарихынан мол мағлұматтар алып, Шыңғыс хан мен Жошы хан және күй құдыреті жайында естіп, тамашалайды. Әмен Хайдардың қай жанрдағы шығармасы болсын жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рух құятын ғажайып туындылар десек артық айтқандық емес. Әйтседе бүгінгі күні ауадай қажет еңбектер балабақшадағы тәрбие құралдарының бастысына айналмай отыр. Батыстың қазақ бүлдіршіндерінің жүйкесін бұзып, психикасына әсер ететін мультфильмдерін ысырып тастайтын кез келді.

Суретші Әмен  Хайдаровтың  портреттері: Сәкен отбасымен бірге «Бақыт», «Сәкен, Илияс, Бейімбет», «Сәкен Бурабайда» атты туындылары Сәкен Сейфуллин мұражайының  «Сәкен бейнелеу өнерінде» залында экспонаттардың ең құнды жәдігерлерінің санатында орын алған.

Назгүл Сапиянова

Сәкен Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкер

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349