Сенбі, 18 Қазан 2025
2565 0 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 09:42

Ресей жанар-жағармай экспортына шектеу қойды

Ресей үкіметі бензин мен дизель отынын экспорттауға уақытша шектеу енгізді. 

«Осы қаулы күшіне енген күннен бастап бензин және дизель отынын (оның ішінде биржа арқылы сатып алынған) әкетуге уақытша тыйым салынсын. Қаулының 1-ші тармағында көрсетілген, яғни Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің үкіметаралық келісіміне сай, бұл қаулымен тиісті тыйым салынбайды», - делінген РФ премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған қаулыда.

Құжатта нақтыланғандай, бұл шектеулер ЕАЭО-ға мүше елдерге қатысты қолданылмайды. Одақ құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресей бар.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 953
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10214