Жексенбі, 10 Қараша 2024
1470 1 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 15:07

Елбасы сөзі болмайды: ведомстволық наградалар атауы өзгерді

Мәдениет министрлігі бірқатар ведомстволық наградаларға өзгерістер енгізетін президент жарлығының жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Елбасының қауіпсіздігін ерлікпен қамтамасыз еткені үшін" медалі  "Лайықты қызметі үшін" медалі болып өзгертіледі;

"Елбасының қорғаны" төсбелгісі бұдан былай "ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері" деп аталады.

Бұдан басқа, ОСК-ның "Сайлау органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін" деп аталатын өз медалі пайда болады.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт  Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Ал бірер күн бұрын Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1167
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2762
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2802