Жексенбі, 24 Қараша 2024
1317 6 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 14:48

Армяндар Таулы Қарабақтан кетіп жатыр

Таулы Қарабақ аймағынан кетуді қалаған армяндардың алғашқы тобы Арменияға барған.

Олар Арменияның оңтүстігіндегі Сюник аймағындағы Корнидзор ауылына жайғасты. Ол жерде гуманитарлық көмек көрсету орны құрылды.

Бұл жерге сонымен бірге Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде жараланған 23 адам жеткізілген.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жексенбіде Әзербайжан Таулы Қарабақтағы армяндарға қауіпсіздік кепілдігін берсе, өлке оларды қабылдауға дайын екенін айтқан.

Таулы Қарабақта қазір 120 мыңдай этностық армян тұрады.

Таулы Қарабақ билігі Әзербайжанның әскери әрекеттерінен кейін үйсіз қалған және Таулы Қарабақтан кетуді қалаған отбасылар орыс әскерінің күзетімен Арменияға жеткізілетінін мәлімдеген.

Ресми Баку Қарабақ тұрғындарын қорғауға алып, реинтеграциялайтынын, қару-жарағын тастаған армян күштеріне рақымшылық беретінін айтып жатыр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555