Жұма, 11 Қыркүйек 2026
2208 0 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 12:08

Тоқаев Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

«Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді», – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1069
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2619
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 744
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 710