Бейсенбі, 25 Шілде 2024
Аласапыран 2889 5 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 12:24

Қытай саясаты - Ресейден Қиыр шығысты алу!

Ресейдің әлсірегенін пайдаланғысы келетін Қытай қиыр шығысты қайтарудың негізгі амалына көшті. Бұған дәлел Қытай Владивосток төңірегіндегі Қиыр Шығыс аймағын қайтарып алғысы келетінін жасырмады, - деп жазады dalanews.kz

Еске сала кетсек, 1860 жылдан бері Ресейдің қолында болған бұл аумақты Қытай Ресейге Пекин келісімінің бөлігі ретінде берген. Алайда, 20 000 шаршы мильді құрайтын бұл аймақты Қытай әлі күнге дейін өзінің бастапқы атауымен «Хайшенвай» деп атайды.

Бір айта кетерлігі, Қытай мен Ресей ғасырлар бойы осы ортақ шекара аясында текетіреске барып жүр. Ресей төңкерісіне дейін этникалық қытайлар аймақтағы жұмыс күшінің 40%-дан астамын құраған. 1907 жылғы халық санағы бойынша, Ресейдің Қиыр Шығыс аймағында шамамен 62 000 қытай  өмір сүреді. Тіпті, қытайлықтар маусымдық трансшекаралық жұмыстарды атқарып отырғандықтан көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін.

Сол себептен демографиялық жағдай да күн өтсен сайын өзгеруде. Бүгінде Ресей туған жерінен күштеп қуылған украиндарды осы аймаққа қоныстандыру саясатын жүзеге асырмақшы.

Владивостокқа әсер ететін мемлекетаралық «бөлісу келісімдерін» жою қиынға түспек. Егер Ресей болашақта Қытайдың портқа кіруіне шектеу қойғысы немесе тыйым салғысы келсе, дипломатиялық салдарсыз мұны істеу оңайға соқпайды. Бейжің мұны әрине біледі және өзінің ұзақ мерзімді мақсаты ретінде аймақтағы ықпалын одан әрі күшейту туралы келісімді ұсынған болуы мүмкін.

Екі держава тек 2008 жылы ғана қол қойған ғасырлар бойы қалыптасқан шекаралық қақтығысқа байланысты аймақтық демаркация туралы ресми қарарды ескере отырып, Қытайдың қазіргі келісімдерді жоюға тырысуы күтпеген жағдай ма? Демографиялық жағдайдың өзгеруін қаперге алсақ,  мұндай қадамды Путиннің Украинаға басып кіруін ақтау үшін қолданудан қорықпайтын логика деуге бола ма?

Шындығында, Қытайдың Владивосток пен оның төңірегіне қоятын талаптары Тайваньға жақында қойған талаптарынан гөрі тарихи тамыры тереңде. Дегенмен, Владимир Путин аумақты тастап кетуші емес, «территорияны кеңейтуші» саналып отыр. Ресейдің шығыс геосаяси құрылымының мұндай маңызды бөлігін әдейі қайтару туралы арнайы келісімнің болуы екіталай.

Бірақ Ресейдің орасан зор ресурстары мен әлсіз қорғалған шығыс шекарасы Ресейдің Украинадағы әскери шығынымен бірге Владивостокты болашақ геосаяси шиеленістердің әлеуетті ошағы ретінде елемеуге болмайды дегенді білдіре ме? Екі алып мемлекеттің не ойлағаны, не көздегені бар? Бірақ мәселенің астарына үңілсек, әркім өз қотырын өзі қасуға бел буғаны байқалады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1429
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2263
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2298