Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 1797 2 пікір 3 Қазан, 2023 сағат 12:47

Санкциядағы Газпромбанкті Қазақстанға кім жолатып жүр?

Бүлінгеннен бүлдіргі алма дейді. Бұл біздің мемлекеттік компанияларға қарата айтылғандай. Неге дейсіз бе, Орталық Азияға да, бізге де санкциядан кейін тұмсығы тасқа соғылған Ресейлік компаниялар ағылуда.

Осы ағынның ішінде 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауына байланысты Батыстық санкцияның құрығына алғашықылардың бірі болып іліккен Газпромбанк бар. Батыс пен АҚШ тек банктің өзіне ғана емес, оның топ-менеджментіне санкция салған болатын.

Осындай кінәраты бар қазақша айтқанда «байдан шыққан қатындай» болған Газпромбанкпен біздің мемлекеттік компаниядың бірі саналатын «ТКШ ҚазОрталығының» меморандумға қол қоюының астарында не жатыр деген ойға еріксіз қаласыз. Сонымен «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев пен Газпромбанктің вице-президент – синдикатталған және халықаралық қыржыландыру департаментінің басшысының орынбасары Анастасия Шакин өздерінің қолдарын сүйкектетіп қойғандығын сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді. Аталған мәлімемде «Құжатқа сәйкес, тараптар Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде банктік сүйемелдеу тәжірибесін қолдануға ниетті.

Өз кезегінде, Газпромбанк осы технологияны басқа елдерге экспорттайтын жалғыз ресейлік несиелік ұйым бола отырып, серіктеске өнім бойынша әдістемелік, консультациялық және басқа да сараптамалық қолдау көрсетеді» деген шығарып салма сөз кезігеді.

100% мемлекеттік үлестегі компанияның бұндай қадамға баруының ар жағында Ресей пайдасына жекелендіру бұғып жатпасына кім кепіл? Меморандум шартындағы «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде банктік сүйемелдеуде тәжірибесі зор» Газпромбанк тақырға отырғызып кете ме деген сауал жүректі тырнайды.

Батыстың санкция бұғауы білегіне 2014 жылы ілінген өз елінің «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытуда» талай көзбояушылыққа барған әрі мұнайдан түскен ақшаны оңды-солды көз жұма жұмсауға үйренген Банкін елімізге кім жолатып жүр осы жұмбақтың шешуі қалай табылмақ?

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576