Бейсенбі, 30 Шілде 2026
Жаңалықтар 305 0 пікір 29 Шілде, 2026 сағат 15:48

Амур жолбарыстары жабайы табиғатқа жіберіледі

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Ресейден жеткізілген Амур жолбарыстары алдағы бір ай ішінде жабайы табиғатқа жіберілуі мүмкін.

Қазір жыртқыштар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында соңғы бейімделу кезеңінен өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта мамандар жолбарыстардың өздігінен қорек табу қабілеті мен адамдарға деген мінез-құлқын зерттеп жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, екі ересек жолбарыстың да физикалық жағдайы тұрақты.

Егер соңғы сынақтар сәтті аяқталса, Амур жолбарыстары «Іле-Балқаш» резерватының аумағына жіберіледі.

Еске салайық, 27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында Ресей президенті Қазақстанға төрт Амур жолбарысын тарту етті.

Abai.kz

0 пікір