Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6404 0 пікір 14 Тамыз, 2013 сағат 07:01

Жалғас Асхатұлы. Дін және жастар

Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.

Ұлттың бүгіні мен келешегі  – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал, сол білімді жастарға беруге ең негізгі қызмет ететін тұлғалар – оқытушылар қауымы. Сондықтан да білім беруде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – оқытушы қауымына ортақ іс. Жаңа заман оқытушыларға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Оқытушы қауымына тың серпіліс, жаңа көзқарас әкелді.

Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.

Ұлттың бүгіні мен келешегі  – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал, сол білімді жастарға беруге ең негізгі қызмет ететін тұлғалар – оқытушылар қауымы. Сондықтан да білім беруде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – оқытушы қауымына ортақ іс. Жаңа заман оқытушыларға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Оқытушы қауымына тың серпіліс, жаңа көзқарас әкелді.

Сонымен қатар білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Әлемге танымал мұсылман дінтанушысы әл-Ғазали діни білім туралы былай дейді: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».

Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып,  мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.

Қазір Батыстың кейбір елдерінде бұл мәселеге байланысты мектептерде діни білім беру жүйесі қалыптасқан.

Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Сондықтан діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ.

Еліміз егемендік алған алғашқы кездері қазақ қоғамының жан дүниесі, діни сауаттылығы кешегі Кеңес үкіметі ықпалынан белгілі бір деңгейде әлсіреп қалған болатын. Яғни, халықтың діни сауаты төмен дәрежеде болды. Осындай нәтиженің салдарынан, түрлі деңгейдегі жаңа ағымдар мен жаңа діни бірлестіктердің саны артып кетті. Ол тек сан жағынан артып қоймай, оның жақтаушылары мен мүшелері де көбейді. Өкінішке орай, бұларға тосқауыл болатын сол уақытта біздің қолымызда Абай, Шәкәрім секілді ұлы тұлғалардың дінге сіңірген еңбектері тапшы болды. Жастардың діни сұранысына жауап беретін дәстүрлі Исламмен өзге дінді немесе бағытты ажыратып беретін ғалымдар да аз болды.

Сан ғасырдан бері келе жатқан дәстүрлі діни ұстаным – Әбу Ханифа мәзхабы және Матуруди ақидасы қазақтың баласын тек қазақ қоғамының мүддесіне тәуелді етеді. Бұл бағытты ұстанушылар өзінің қарапайымдылық, ізгілікті сипаттарымен ерекшеленеді. Мұны жақсы біле білген ата-бабаларымыз осы бағытты ертеден бері нық ұстап, мұсылмандар арасына жік түсірмей келген еді.

Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес.

Қазақ «іштен шыққан жау жаман» дегендей басқа дінді немесе теріс ағымды уағыздайтын миссионерлерден гөрі өзіміздің Ислам дінін бет перде етіп халықтың санасын улап жүргендер қаншама. Діни сауаты кешегі атеизм мен Исламның ортасында қалқып тұрған қазақтың кез-келген азаматы осы теріс пиғылды ағымдардың тұзағына түскендерін аңғармай қалады. Осыларды ескере отырып, бүгінгі таңдағы біздің басты мәселеміз – діни сауатсыздық деп ойлаймын. 

Исламның қасиетті рухын қайта жаңғыртып, халықтың санасын біржақты етудің жолдарын қарастыратын күн туды. Исламның қазақ даласында дамуы үшін Араб мемлекеттеріндегі дін нұсқаларын көзсіз көшіру біз үшін жарамсыз.

Мемлекеттің діни саясатының басты мақсаты – елімізде діни өмірдің жайлы дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты бекіту болып табылады. Соңғы кезде ғаламтор беттерінде діни сауаттылық жайлы көптеген тақырыптар қозғалуда. Өйткені мемлекетте сауатсыздықтың салдарынан діни ахуал күрделеніп, әлі күнге дейін нақты шешімін табалмай келеді. Бұл көрініс елдің елеулі азаматтарын алаңдатып, кейбір қалаларда діни сауаттылықты арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әйтседе, жастардың біршамасы мұндай ізгі амалдарға немқұрайлы қарап, өз беттерінше ғаламтор беттеріндегі белгісіз мәліметтердің ақ-қарасын ажыратпай, бойына сіңіріп, оны өз ортасына жая бастайды. Қазіргі теріс ағымдар үшін де өз мақсаттарын ұтымды пайдалануда ғаламтор өте тиімді болып отыр.

Айта кететін жағдай, Қазақстан мұсылмандарының арасында Әбу Ханифа мәзхабын ұстанамыз дегендер 70% пайыздан асады. Деседе, ол кісінің кім екенін, оның өмір жолын білетін сауатты мұсылмандар, өкінішке орай, аз. Қазақ «адам білмегеннің дұшпаны» дегендей, мұндай сауатсыздықты жастар тұрмақ, елге қызмет етіп жүрген үлкен ағаларымыздан да байқауға болады. Қазақ ежелден Әбу Ханифа жолын ұстанып келгені хақ, десекте, бүгін сол ұстанымға жеңіл қарап қойғандаймыз. Әбу Ханифа бағытын ұстанамын деп, оның бағытынан ауытқып елге қиянат жасап жүргендер жетерлік. Бұл да діни сауатсыздықтың кесірі. Осылардың алдын алу үшін мынадай шараларды қолға алу қажет:

- еліміздің кез келген аймақтарында халыққа фундаменталды діни сауаттылық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Өзіміздің ата-дәстүрімізге, салт-ғұрпымызға сай келетін, сан ғасырлардан бері Ислам дінін үйретіп, насихаттауда дұрыс бағыттағы жол көрсеткен Әбу Ханифа мәзхабының жолын қайта жандандыру керек. Халқымыздың діни тұрғыда білімін жетілдіріп, теріс діни ағымдардың жетегінде кетуіне жол бермей, олардың қоғамға қаншалықты зиянды жақтары бар екендігін айтып түсіндіргеніміз абзал;

- бүгінгі күні көптеген жастардың дінге деген кызығушылықтарын есепке алсақ, мешіт имамдарының оларды оқытып-үйретуге күштері жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан Исламды түсініп үйренгісі келген жастарымыздың кейбірі ғаламтор сайттарына жүгінеді. Осындай жастардың психикалық ой-өрісіне, сана-сезіміне әсер етіп, ұлттық рухани бағытта өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алып, ғаламтор беттерін қатаң қадағалап, дәстүрлі дінге қайшы келетін сайттарға шектеу қойып, үздіксіз бақылау қажеттілігі туындауда;

- Исламның қазақ даласына таралуына ықпалын тигізген ұлы әл-Фараби, Ясауи, Абай, Шәкәрім секілді тұлғалардың мәртебесін жастардың арасында көтеріп, дәріптеу үшін олардың негізгі түпнұсқа еңбектерін жаңғыртып, ағарту шараларын ұйымдастыру керек;

         - діни сауаттылықты арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дінтану» пәні енгізілді. Бұл оңды құбылыс әрине, алайда, аталмыш пәннің өзі халықтың сауатын ашу үшін жеткіліксіз болмақ. Яғни, қазіргі күні шиеленісіп жатқан барлық мәселелерді мектептерге енгізген бұл пән толығымен шешіп бере алмай жатыр. Халқымыздың негізгі діні Ислам болғандықтан, біз оны толық меңгеруіміз қажет. Ал «Дінтану негіздері» тек Исламды ғана насихаттамайды, Ислам діні тақырыбына бірнеше сағаттық уақыт бөлінеді, онда тек жалпылама түрде діндердің тарихына тоқталады. Ал, ол оқушылардың дін туралы білімін толық қалыптастыра алмайды. Сондықтан 20 жылдан асқан тәуелсіз тарихымыз бар, 70% пайыздан аса мұсылман халқымыз барын ескере отырып, біз балабақша, мектеп табалдырықтарынан бастап жастарды Ислам тағылымдарына баулысақ артық етпес. Сондықтан да «Дінтану» пәнімен қосымша, басқа да діни сауат ашу пәндерін ойлап тауып мектепке, жоғарғы оқу орындарға басқа да оқу ордаларында оқытылса, оңды нәтижеге қол жеткізуіміз мүмкін менің өзімнің жеке пікіріме жағымды.

         Бүгінде елімізде «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Нұр» Ислам мәдениеті Египет университеті ғана мамандар даярлауда. Осыдан басқа да Білім және ғылым министрлігі қолдауымен ЖОО-да дәстүрлі дінімізді терең оқытып, кеңінен қанат жайуына септігін тигізетін бірнеше пәндер енгізілсе діни сауат ашудың тиімді жолдарынан болар еді.

         Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.

Ұлттық сипатқа айналған дәстүрлі Ислам мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келгендерге жол бермеуіміз керек. Өйткені қазаққа Ислам дінін үйретудің қажеті жоқ. Қазақ ежелден Исламды өзінің байтақ даласында мемлекеттік дін ретінде қабылдап, оны бойына терең сіңіргені белгілі. Сондықтан да, бізге Исламды қайтадан түсіндіру жұмыстарын емес, оны бабалар ұстанған кейіпінде қайта жаңғыртып, халықтың сауатын қайта қалыптастыру жұмыстарын қолға алғанымыз жөн деп санаймын. Сол үшін қазіргі жаһандану заманында қоғамның тұтастығын көздеп, діни сауатсыздықтың алдын алу тек қана мемлекеттің емес, әрбір Қазақстан азаматының, зиялы қауымның, қоғамдық ұйымдардың да мойнына жүктелуі тиіс.

Нақты ислами діни сауатты жастар санасына ұялата алсақ, біріншіден білімді жастар жиналған ақпараттардың қажетін алып, қажет емесін сүзгіден өткізіп үйренер еді.

Екіншіден, ислами діни сауатты жас сыбайластық, жемқорлық сынды қоғамдық кеселдерден аулақ болар еді.

Үшіншіден, ел санаты көбейіп, тастанды, жетім, қараусыз қарт мәселелері кемитін болса, төртіншіден, өз-өзіне қол жұмсау, қоғамға өзін қажетсіз деп тану сынды кеселдерден де арылар едік. Нәтижесінде жастардың білім аясы кеңіп, діни және ұлттық қорғаныш қабатын қалыптастырып, көптеген кедергілерге қарсы тұруға мүмкіндік туады. Әрине мұның бәрі оңай бітетін шаруа емес, дегенмен ел болашағының жарқын болуы үшін айқын қадамдар екені анық.

Жалғас Асхатұлы

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау бөлімінің ғылыми қызметкері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340