Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3224 0 пікір 11 Қазан, 2023 сағат 13:44

Израиль-ХАМАС соғысы: Мыңдаған адам қаза тапты

ХАМАС радикал тобының шабуылынан Израильдің мыңнан  астам тұрғыны қаза тауып, 3,5 мың адам жараланған. Шабуыл басталғалы бері Газа секторында 700-ден астам адам мерт болып, кемінде 3700 адам жараланды деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау мекемесі.

Израиль кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайына көшкенін ресми түрде жариялады.

БҰҰ-ның есебі бойынша, Израильдің қарымта шабуылдарынан Газа секторында кемінде 790 үй қирап, тағы 5 мыңнан астамы бүлінген. Инфрақұрылым бұзылғандықтан 400 мыңға жуық адам сусыз қалған, кәріз желісі істен шыққан.

Дүйсенбі күні Израиль Газа секторын толық құрсауға алатынын жариялап, электр қуаты мен судан ажыратқан. Израиль қорғаныс армиясы сенбі күні ел аумағына ХАМАС радикал тобының қарулы адамдары тұтқиылдан жасаған шабуылға қарымта ретінде Газа секторын соққының астына алды. Израильдіктер сенбіде болған шабуылды 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуылға теңейді.

АҚШ президенті Джо Байден сейсенбі күні Израиль премьері Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, Вашингтонның Израильді қолдайтынын жеткізген.

Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні Израильдегі жағдайға пікір білдіп, жағдайдың ушығуына АҚШ-ты кінәлаған. Путиннің сөзінше, АҚШ палестина-израиль жанжалында өзінің мүддесіне жұмыс істеді деген. Ол ХАМАС тобын шабуылы үшін айыптамады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 975
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2498
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651