Сенбі, 23 Қараша 2024
1605 0 пікір 16 Қазан, 2023 сағат 13:07

Қырғызстан қайта су бере бастады

Қырғызстанның Киров су қоймасынан Қазақстанның Жамбыл облысына су беріле бастады. Бұл туралы жергілікті БАҚ Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке сілтеме жасап жазды.

Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет аралық кеңесінің 11 отырысы Ақылбек Жапаров пен Әлихан Смаиловтың қатысуымен қыркүйектің соңында Тараз қаласында өткен. Онда тараптар су беруді қалпына келтіруге келіскен.

"Біз Қырғыз республикасының ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, Киров су қоймасын ашу бойынша келістік. Қазір су қоймасынан 12 текше метр су Жамбыл облысының су қоймасына беріліп жатыр", - деді Нұржігітов.

Соңғы екі айда су берілу тоқтаған болатын.

Биыл Қырғызстанның Киров су қоймасында су деңгейі соңғы 30 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен. Қазақстан суғару суының жетіспеуіне байланысты 13 ауданда төтенше жағдай жариялаған.

1976 жылы салынған Киров су қоймасына 550 млн текше метр су сияды. Ресми мәліметке қарағанда, 2016 жылы ең көп су жиналып, көлемі 500 млн текше метр болған. Киров су қоймасына жиналған судың 80% Қазақстанға кетеді.

Таластың Манас ауданы судың 20 пайызын ғана қолданады. Қазақстан су алғаны үшін Киров су қоймасына жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485