Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
2104 0 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 14:53

Грузия президентін соттап жатыр

Грузияның Конституциялық соты көпшілік дауыспен президент Саломе Зурабишвили үкімет рұқсатынсыз бірқатар Еуропа елдеріне барып, елдің Бас заңын бұзды деп тапты.

Бірнеше күнге созылған сот отырысына Зурабишвилидің өзі қатыспады. Ол Франция және Германия президенттерімен кездесуді заңды бұзу деп есептемейтінін жеткізген. Грузия президенті Тбилисиге Еуроодаққа мүшелікке үміткер мәртебесін беру бойынша кездесулер жүргізгенін мәлімдеді.

Ел конституциясы мемлекет басшысына үкіметтің рұқсатынсыз сыртқы саясатқа араласуға тыйым салады. Зурабишвили өкілдері шетел лидерлерімен кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер, хаттар сыртқы саясатты өзгертуге алып келмесе, жол беріледі деген аргументтерін жеткізді.

Конституциялық сот шешімінен кейін президентке импичмент жариялау бойынша заң парламентте дауысқа қойылады. Президентті қызметінен кетіру үшін 100 депутаттың қолдауы керек. Бұл мәселе екі аптаның ішінде дауысқа салынбақшы.

Оппозициялық партиялардың ішінде Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалысы" импичментке қарсы дауыс беретінін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2918
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927