Иерусалим – Әл-Құдыс
Иерусалим – біреулер үшін Әл-Құдыс.
Қасиетті қос атау -
Бір қала үшін
Болмады қанша қантөгіс,
Өткені ылғи өрт теңіз.
Салмағанда баста қала Сүлеймен,
Киелі деп Мұхаммед
болса егер демеген,
Таласпас ед жыртқыштана өлермен.
Ылғи қырғын, көп соғыстың ішінде,
Бұл қаланың болды бейбіт кеші де.
Бір көшеде көрші тұрып еврей,
Қонақ қылған арабты үйге жібермей.
Қалғып қала түн құшағына енгенде,
Қонатұғын бұлбұл келіп гүлдерге.
Бөгде дыбыс бөлмей түннің тынышын,
Қоңырау мен азан үні ояттты тек үй-ішін.
Татулықтың кешкен күйін солай шын.
Бірақ, бірақ...
Салах ад-Дин қылышы емес
оны мұнда орнатқан,
Арыстан Жүрек Ричард та емес,
қаланы кеп шулатқан.
Жай ғана екі жанның құштарлығы ғылымға,
Пайдасына қаланың айналды ұлы достыққа.
Хат жазысты. Соғысты емес,
Ғарышты айтып гулесті,
Тілектері, жүректері үндесті.
Әттең, бірақ,
Екеуінің де дін бауырлас ортасы,
Соғысуға алған ауып ынтасы.
Қолын сайлап, ұстатты да қылышты,
«Сал!» деді қалаға қанды қырғынды.
Барыспады, кетіспеді достықтан,
Екеуі де тартты жаза сондықтан.
Табалаcып, бет бұрды бүкіл дос-жаран,
Абыройына бола алмады дін қорған.
Достасқан солай,
Фридрих екінші мен
даңықты Қайр сұлтаны,
Олардан соң татулық туы ұзақ шыдап тұрмады.
Мың жыл бойы ысқырып оқ, сенімдер ізгі қирады.
Білгендей соны Фридрих қасқаң да,
Достық жайлы
арапша бәйіт жазылған
кебінмен түсті табытқа.
Қабшықбай Нағыз
Abai.kz