Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 2170 1 пікір 19 Қазан, 2023 сағат 15:28

ХI Азаматтық форум: Президент не деді?

Кеше, яғни қазан айының 18-і күні, елордада «XI ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ» салтанатты түрде ашылды.

Биылғы форумның жалпы тақырыбы – «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ».

Мемлекет басшысы бүгін ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады

«Жиырма жыл ішінде бұл форумның тиімділігі мен қажеттілігі дәлелденіп, салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылатын алаңға айналды. Осында көтерілген жасампаз бастамалар мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға және жалпыұлттық келісімді нығайтуға тың серпін береді. Үкіметтік емес ұйымдар және қайырымдылық қорлары, белсенді азаматтар мен еріктілер ел тағдырына бей-жай қарамай, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге барынша атсалысып жүр.

Олар ынтымақтастық пен нағыз отаншылдықтың озық үлгісін танытып, еліміздегі бірлік пен татулықты сақтауға зор үлес қосып келеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер қоғамда жаңа этика қалыптастыруды талап етеді.

Осы орайда әділдік пен гуманизм, өзара сенім мен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, аталмыш форумды екі күн өткізу жоспарланған. Бүгін форумның екінші күні.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415