Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2338 1 пікір 20 Қазан, 2023 сағат 15:03

Адам ағзаларын сатумен айналысатын топ ұсталды

Қазақстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан 22 адам ұсталды, деп хабарлады  Polisia.kz.

Полицияның хабарынша,  ұйымдасқан топтың құрамында медицина қызметкерлері, донорлар, реципиенттер, тіпті нотариусқа дейін болған.

«Трансплантациялау операциялары жалған құжаттар жасалған. Әрқайсының құны 6-10 миллион теңге болатын 8 операция туралы ақпарат бар. Тінту кезінде күдіктілерден заттай айғақтар, ақша, құжаттар тәркіленді», - делінген хабарламада.

Заң бойынша адам ағзаларын трансплантациялау үшін сатып алуға және сатуға қатаң тыйым салынған. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, әрқайсының мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2583
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 724
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685