Жұма, 11 Қыркүйек 2026
2524 0 пікір 23 Қазан, 2023 сағат 14:33

Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

Бүгін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пункті алдында жүк көліктері кептелісте тұр, деп хабарлады Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметі. 

Ведомство ақпараты бойынша, өткен тәулікте «Ақ-тілек-автодорожный» өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға жеңіл көлік пен Кант цемент зауыты өнімін тиеген жүк көліктерін есептемегенде 297 жүк көлігі кірген.

«Ақ-тілек-автодорожный» ӨБП өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданып жатқанына қарамастан жүк көліктері жиналып қалған.

2023 жылдың 23 қазаны 12:00-дегі жағдай бойынша, Қырғызстаннан шығу үшін «Ақ-тілек-автодорожный» ӨБП алдында 410 жүк көлігі кептеліп тұр.

Жүк көліктерінің бұлайша жиналып қалуы маусымдық жағдай екені және Қырғыз Республикасынан ауылшаруашылық өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуына байланысты болатыны айтылған.

Қырғыз және Қазақстан Республикасының Шекара қызметі жүк көліктеріне шектеу енгізілмегенін атап өтті. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пунктері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1064
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2612
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 705