Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан әскери авиациясына екі әскери тікұшақ қосылғанын әлеуметтік желілерде жазды.
Мәліметтерге қарағанда, 2021 жылы Өзбекстан Қырғызстанға қайтарымсыз көмек ретінде Ми-8МТВ әскери тікұшағын берген.
"Содан кейін Қырғызстан әскери әуе күштеріндегі дәл осындай бір тікұшақ Өзбекстандағы «Шыршық авиация жөндеу зауытына» тапсырылған. Өзбекстан қорғаныс министрлігі жөндеу жұмыстарын өз мойнына алған " деп жазды қырғыз президенті.
Қырғызстан қорғаныс министрлігінің мамандары тікұшақты елге жеткізіп, оның жұмыс істеп тұрғанын анықтаған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әскери техниканы жөндеуге көмектескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа алғыс айтқан.
Фото: ғаламтордан
Abai.kz