Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2433 1 пікір 24 Қазан, 2023 сағат 14:51

«Бәcе» YouTube-арнасының авторлары іздеуде жүр

Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жарияланды деп хабарлады Halyq-uni.

Аталған ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болған.

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, аталған тұлғаларға сот санкциясымен 23 қазанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша іздеу жарияланған. Садықовтарды іздеуге ІІМ бастамашы болған. Іздестіру жұмыстарын  Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Еске салайық, сот Наталья Садықованы қамауға алу туралы 2014 жылы сырттай қаулы шығарған. Сол кезде хабарланғандай, Садықоваға қатысты адамға сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен қоса жала жапты деген айып таққаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639