Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2199 1 пікір 26 Қазан, 2023 сағат 14:57

Ресми: Бекетаев елден қашпақ болған жерден тұтқындалды

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев елден қашып бара жатқан кезінде ұсталды, деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

«Қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Расымен, Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды. Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді», - деді ол.

Еске салсақ, Бекетаев 21 қазанда заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі науқан барысында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған.

Бекетаев Қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша кінәлі деп танылып, жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы. Кәрім Мәсімовке жақын тұлғаның бірі деп айтылады.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев Қаңтар оқиғасына дейін Бекетаевтың кеңесшісі болған.

Талғат Татубаев бұрынғы сенатор Қайрат Қожамжаровпен бірге бірқатар атышулы қылмыстық істерді ойлап тапты делінеді.

23 қазанда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дүйсенбіде Бекетаевтың ұсталғанын ресми растады. Сол күні экс-министрдің екі ай қамауға алынғаны белгілі болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299