Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 2339 8 пікір 6 Қараша, 2023 сағат 14:08

Лакшмидан Тимурға. Жаңа Миттал кім болады?

 

DALA INSIDE дереккөзі «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы ретінде отандық олигархтар - Freedom Holding қожайыны Тимур Турлов пен Назарбаевтың күйеу баласы, Халық банктің мажоритарлы акционері Тимур Құлыбаев қарастырылып отырғанын айтады. Тараптар баға бойынша компромисске келген, дегенмен коммерциялық моменттерді әлі де болса талқылау қажет. Келіссөз осы айдың соңына дейін созылмақ.

Қос тарап та Үкіметпен жарты жыл бойы келіссөз жүргізген. Костенко шахтасындағы соңғы трагедия Лакшми Миттал сұраған сатып алу ақысын күрт кеміткендіктен, зауытты арзанға сатып алудың сәті енді түсіп отыр. Бұған дейін Миттал Қарағанды металлургия зауытын 4 миллиард долларға бағалап келсе, 46 кеншінің ажалынан кейін тәбетін бірден 1,3 миллиард долларға дейін кемітті.

Мұндай ақша Тимур Құлыбаевта бар және ол Халық банктің бірнеше пакет акцияларын сатып, өз капиталын тағы толықтыра алады. Ал Турлов Құлыбаевтай гигант емес, сондықтан зауытты қақшып аламын десе, инвесторлық синдикатталған пул ұйымдастырып, әсіресе Болат Өтемұратовтың капиталын тартуы мүмкін.

Қарағанды зауыты - пайда әкеліп отырған өндіріс ошағы. Тек оған өндірістік қауіпсіздікті күшейту үшін кемі 3 миллиард доллар инвестиция керек. Үкімет жаңа инвесторға – «енді шахталарда адам өлмесін және ешкім жұмыссыз қалмасын» деген өте түсінікті және қарапайым екі талап қойып отыр.

Бұған дейін зауытты ресейлік инвестор сатып алады (соның ішінде Северсталь) деген пыш-пыш әңгіме тараған. DALA INSIDE  дереккөзі мұны үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

«Орыстар бұл жобаға жоламайды. Миттал? Ақорда онымен сыпайы қоштасып, ың-шыңсыз шығарып салғанды қалайды. Билікке «Стати-2» скандалы керек емес. Британ заңнамасын жақсы білетін Митталмен ерегесер болсақ, ертең Лондонға сүйреп сілікпемізді шығарады. Үнді олигархының заңгерлері шетінен монстр. Халықаралық құқықты бүге-шігесіне дейін меңгерген бұлармен ашық шайқасу қауіпті..», - дейді дереккөз.


Жоғарыдағы мақалаға қатысты Abai.kz ақпараттық порталына Freedom Holding Corp баспасөз қызметі арнайы түсініктеме берді. Біз түсініктемені қоса жариялап отырмыз: 

«Бұған дейін жарияланған Тимур Турлов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа инвесторы болуы мүмкін деген ақпарат шынайы емес. Турлов мырза кәсіпорынды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізген жоқ және жоспарлаған емес».

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354