Киік еті экспортқа шығарыла ма?
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ақбөкендердің етін сату мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жуырда Экология министрлігі Қазақстанда ақбөкендердің саны аулау және ату арқылы реттелетінін мәлімдеді. Шенеуніктер біздің елімізде киік етін сатуға заңмен рұқсат беру көзделіп отырғанын жеткізді.
Брифингте журналистер Сапаровтан осы өзекті тақырып бойынша қосымша ақпарат беруін сұрады. Ол ақбөкеннің етінің қанша тұратынын нақтылай алмады, бұл Экология министрлігіне қатысты мәселе екенін айтып, сатылым тек Қазақстан ішінде болатынына сендірді.
"Жануарларды аулау және ату туралы шешімді Экология министрлігі қабылдайды. Ет комбинатында біздің ветеринарлық дәрігерлер жұмыс істейді.
Біз экспортқа әлі дайын емеспіз, шетелге сату үшін ет комбинаты экспорттаушылар тізімінде болуы керек. Инспекция сонда барып, сатып алуға болтанынын немесе болмайтынын анықтауы керек. Әзірге тек Қазақстан ішінде", - деді ол.
Abai.kz