Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
1994 0 пікір 8 Қараша, 2023 сағат 15:59

Қазақстанда ойын мекемесіне баруға кімдерге тыйым салынды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлерді, полиция қызметкерлері мен құтқарушыларды ойын орындарына барудан бас тартуды міндеттейтін жарлыққа қол қойды.

Жаңа құжат Президенттің бұрынғы кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлықта жаңа тармақ енгізілді: "Әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс".

"Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлықта мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде: "Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту" тармағы қосылады.

"Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлықта құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексінде сондай-ақ: "Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту" тармағы қосылады.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1389
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1036
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 968