Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
2122 1 пікір 8 Қараша, 2023 сағат 16:34

Араб инвесторы Астана әуежайын басқарады

Бүгін Арабтың Terminals Holding компаниясы Астана халықаралық әуежайының жұмысын қолға алды.

«8 қарашада шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясы мен Астана халықаралық әуежайы арасындағы бірлескен жұмыс басталды. Бүгін шетелдік инвестор Астана халықаралық әйежайының серіктестеріне, әуекомпанияларға өздерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Негізгі мақсат - Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру. Бұл Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында сағатына 20 ұшу және қону операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ал жүк терминалының аумағы 3,3 мың шаршы метр болады. Астана халықаралық әуежайы жылына 11 мың тонна жүкті қабылдау және жөнелту жұмысын жүргізіп келеді",– әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ортақ келісім 1 жылға қарастырылған.

«Бір жыл көлемінде инвестор Астана әуежайының әлеуетін зерделеп, мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін нақты инвестиция көлемі мен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу мәселесі қарастырылады», – деп мәлім етті әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 18 қазанда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2918
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927