Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2548 0 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 15:05

Құжат алу үшін саусақ ізін тапсыру ерікті болады

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жеке куәлік алар кезде саусақ ізін тапсыру шарасы ерікті болатынын айтты.

Оның сөзінше, саусақ ізін тапсыру шекарадан өткен шетелдіктерге ғана міндетті болмақ.

«Иә, сондай шешім қабылданды. Заң жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті негізде тапсыруын ерікті ету мәселесі қаралып жатыр. Шетелдіктерге бұл міндетті. Ал ішкі құжаттандыру кезінде бұл шара ерікті негізде болады», - деді Сәкен Сәрсенов.

Бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны туралы хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1405
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2986
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1053
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 990