Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2550 0 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 15:19

Ердоған Израильдің әрекетін сынады

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс Ташкентте өткен Экономикалық әріптестік ұйымына мүше елдердің 16-саммитінде кеңінен талқыланды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жанжалдасушы тараптарды атысты доғаруға үндесе, түрік басшысы Режеп Ердоған Батысты «Израильдің әскери қылмысын қолдады» деп айыптады.

Бұл уақытта G7 жанжалдасушы тараптарды халықаралық тәртіпті сақтап, Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін атысты доғаруға үндеген.

8 қарашада БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Газа секторындағы әскери қимылдарын тағы бір мәрте сынаған.

Ташкенттегі саммитте Түркия президенті Режеп Ердоған Израиль билігі Газа секторында «адамзаттың бүкіл құндылығын аяққа таптады» деп мәлімдеді.

TRT телеарнасының хабарлауынша, Ердоған Израиль Газа секторында шамамен 11 мың адамды аяусыз өлтірді, қаза болғандардың 73 пайызы әйелдер мен балалар деп мәлімдеген.

«Егер біз ЭӘҰ ретінде, сонымен бірге мұсылман ретінде дауыс көтермесек, онда қай уақытта дауыс шығарамыз?» деп сұраған Ердоған.

ХАМАС бақылауындағы Газаның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сектор аумағында 10 мыңнан астам адам өлді, қаза болғандардың 4800-і – бала. Мәліметті тәуелсіз дереккөздермен тексеру мүмкін емес.

Израиль жағында 1400 адам қаза болды. 241 израильдік содырлар қолында тұтқында отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1354
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2928
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1005
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 940