Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2491 0 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 15:29

Газада күніне 4 сағаттан тыныштық орнайды

Израиль қауіпсіз жерлерге кетуге мүмкіндік беру үшін бейсенбіден бастап Газаның солтүстігінде күніне төрт сағаттық тыныштық болатынын мәлімдеген.

Вашингтон мұны дұрыс қадам деп атап өтті. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирбидің айтуынша, тыныштық орнату туралы сөз АҚШ пен Израильдің ресми өкілдерінің, оның ішінде президент Джо Байден мен премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың келіссөздерінде қозғалып келген.

Ақ үй өкілі оқ атуды уақытша тоқтату жергілікті тұрғындарға қауіпсіз жерге шығып кетуге және Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік береді деді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953