Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4527 30 пікір 13 Қараша, 2023 сағат 10:53

БАҚ: Болат Назарбаев қайтыс болды

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

«Сағат 9.28-де жүрегі тоқтады (асистолия). 23 минут ішінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді, бірақ әсері болмады», – деп хабарлады Ratel.kz.

2022 жылы Болат Назарбаевтың денсаулығы нашарлап, арбаға таңылғаны туралы жазылған. Оған көмей обыры деген диагноз қойылды.

Биыл 4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр жағдайы туралы тағы да жазды. Тұңғыш Президенттің інісі қайтадан инфарктпен ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап BN INVEST холдингін басқарды. 2016 жылы «Саликалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

Еліміздегі бірқатар стратегиялық салалардағы активтерді монополиялық басып алу, сондай-ақ рейдерлік шабуылдар жасау сияқты әрекеттердің көпшілігі Болат Назарбаевтың есімімен байланыстырылады.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1268
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2812
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 918
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866