Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2343 2 пікір 13 Қараша, 2023 сағат 14:01

Францияда антисемитизмге қарсы ірі марш өтті

12 қарашада Парижде мыңдаған адам антисемитизмге қарсы маршта жүріп өтті. Оған елдің премьер-министрі Элизабет Борн, экс-президенттері Николя Саркози мен Франсуа Олланд қатысты.

Франция президенті Эммануэль Макрон митингке қатыспады. Сенбі күнгі мәлімдемесінде ол француз халқын антисемитизмнің оралуын айыптауға шақырды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Париж көшелерінде 3000 полиция қызметкері жүрді.

7 қазанда Газада Израиль мен ХАМАС радикал тобы арасында қақтығыс басталғалы бері Францияда еврейлерге қарсы 1247 акті болған екен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда үш есеге көп делінген полиция мәлімдемесінде.

Бір күн бұрын француздың Париж және Марсель секілді қалаларында Газа секторындағы соғысты тоқтатуды талап еткен марш өткен. Олардың дені Палестина туын көтеріп шығып, Газаны бомбалауды тоқтатуды талап еткен.

Сенбі күні палестиналықтарды қолдау акцияларының ең ірісі Лондонда өтті. Ол жақта полицияның мәліметінше, шараға 300 мыңдай адам қатысқан. Шамамен 150 радикал наразы ұсталған.

ХАМАС бақылауға алған денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 қазаннан бері Газа секторында 11 мың адам қаза тапқан. Олардың 4500 — балалар.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2942
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1011
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 951