Сенбі, 23 Қараша 2024
1237 1 пікір 22 Қараша, 2023 сағат 16:43

Отбасы Банкі ұлттық даму институты болып қайта құрылмақ

«Отбасы банкіне» оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Қазір қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу әрі беру бойынша функцияларды жүзеге асырады. Заң жобасы аясында бұл функцияларды Отбасы банкіне беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асыратын болады. Осыған байланысты Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр», - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, «Отбасы Банк» берілетін функцияларды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383