Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 19210 0 пікір 20 Қыркүйек, 2013 сағат 08:35

Ізтөлеу Бекенұлы. Жезқазғанның болашағы күпті деп, Суымды ішіп, құдығыма түкірді

(1-қыркүйек Жезқазған Мыс зауытының түтіні тоқтаған күні туған өлең еді)

 

Сан тарапқа езеуреген бұл жалған,

Көңіл алаң, төмен тартқан ұнжырғам.

Будақ-будақ көкті өрлей шалқитын,

Көрмей тұрмын көк түтінді  мұржаңнан.

 

Ел ырысын еселеген алыбым,

Беймәлім боп қалды-ау енді тағдырың.

Сары алтындай мысыңменен қарық қып,

Жатушы едің жат елдердің барлығын.

 

Жері байдың- елі бай деп, өктем боп,

Көңіліміз жүрген дәйім көктем боп.

Алтын күз деп дәріптейтін кезеңде,

Қадалғандай кейіптемін кеудеме оқ.

 

Біздің өлке әр тасында құт жатыр,

Шетсіз-шексіз байлығымды сатпа құр.

Өндірісті өңірімді паш еткен,

Сан мыңдаған кеншілерім нақ батыр.

 

Осы жерде киді сан жан күпімді.

Қош деместен қашты көбі  бұ күні.

Жезқазғанның болашағы күпті деп,

Суымды ішіп, құдығыма түкірді.

 

Сындырғысы келетіндей сағымды.

Қысық көздер қайнатып тұр қанымды.                       

Қазан ұрмай, қазандығым жабылды...

Мұның арты қараша емес, кәдімгі

Желтоқсанға ұласпаса  неғылды?

Abai.kz

(1-қыркүйек Жезқазған Мыс зауытының түтіні тоқтаған күні туған өлең еді)

 

Сан тарапқа езеуреген бұл жалған,

Көңіл алаң, төмен тартқан ұнжырғам.

Будақ-будақ көкті өрлей шалқитын,

Көрмей тұрмын көк түтінді  мұржаңнан.

 

Ел ырысын еселеген алыбым,

Беймәлім боп қалды-ау енді тағдырың.

Сары алтындай мысыңменен қарық қып,

Жатушы едің жат елдердің барлығын.

 

Жері байдың- елі бай деп, өктем боп,

Көңіліміз жүрген дәйім көктем боп.

Алтын күз деп дәріптейтін кезеңде,

Қадалғандай кейіптемін кеудеме оқ.

 

Біздің өлке әр тасында құт жатыр,

Шетсіз-шексіз байлығымды сатпа құр.

Өндірісті өңірімді паш еткен,

Сан мыңдаған кеншілерім нақ батыр.

 

Осы жерде киді сан жан күпімді.

Қош деместен қашты көбі  бұ күні.

Жезқазғанның болашағы күпті деп,

Суымды ішіп, құдығыма түкірді.

 

Сындырғысы келетіндей сағымды.

Қысық көздер қайнатып тұр қанымды.                       

Қазан ұрмай, қазандығым жабылды...

Мұның арты қараша емес, кәдімгі

Желтоқсанға ұласпаса  неғылды?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676