Жұма, 23 Ақпан 2024
Аласапыран 1128 1 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 14:46

Израиль-ХАМАС соғысы: Уақытша бітім ұзартыла ма?

Бүгін Израиль мен ХАМАС арасындағы 4 күндік бітімнің соңғы күні. Уақытша бітім жалғасты бола ма?

Израиль премьері Бенямин Нетаняху: «Газа секторындағы бітімді созып қалуымыз ықтимал», – деп мәлімдеді. Бұл расымен солай ма, әлде екі тараптың да тамырын басып көру әдісі ме? Бұған қатысты әлем һәм Қазақстан не дейді?

Бұған дейін Қазақстан билігі Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар беретінін жария еткен және Израииль-ХАМАС текетіресіне қатысты бірнеше мәрте ресми мәлімдеме жасап, «екі халық – екі мемлекет» формуласын қолдайтынын айтқан.

Жақында Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитінде өзіне сөз тиген шақта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль-ХАМАС (Құдыс) қақтығысына қатысты тағы ресми мәлімдеме жасады.

 «Таяу Шығыстағы конфликт өз құрдымына баршаны тартып, теңдесі жоқ ақпараттық-идеологиялық қарсы тұруды туғызып отыр. Газа секторындағы жағдай әлемдік қауымдастықты қаққа жарды. Соғыс өрті барша елдер мен құрлықтарды шарпымас үшін тоқтауымыз керек», - дей келе, БҰҰ бас болып, Құдыстықтардың құқығын қорғау үшін «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы түйінделуге тиістігін алға тартты.

Одан ары:

«Қалыптасып отырған шиеленісті жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциялары мен халықаралық құқық нормалары сақталуға тиіс», - деді.

Бүгін тараптар келісім бойынша босатылуы керек тұтқындардың соңғы легін жіберуі керек. Келісім бойынша ХАМАС Израильдің 50 тұтқынын, Израиль 150 Құдыстық тұтқынды босатуы тиіс. Осыған дейінгі 3 күнде ХАМАС 39 Израильдік тұтқынды, Израиль 117 Құдыстық тұтқынды босатты. Енді қалғаны 11 Израильдік және 33 Құдыстық тұтқын кісеннен шығуы тиіс.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1542
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1602