Жұма, 29 Қараша 2024
1161 0 пікір 29 Қараша, 2023 сағат 13:27

Украинаға қарсы соғысқан қарағандылық 6 жылға сотталды

Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 34 жастағы қазақстандық Алексей Шомполов алты жыл сегіз айға сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Шомполов Ресей жағында «Вагнер» жасағының құрамында болған. Шомполовқа «жалданды» және «бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады» деген айып тағылды, одан 205 590 рубль көлемінде ақша тәркілеуге шешім қабылданды. Соттың мәліметінше, ол ақшаны қылмыстық жолмен тапқан.

Сотта Шомполов кінәсін мойындап, соғысқа ақша керек болған соң барғанын мәлімдеді. «Вагнер» жасағының құрамына ол әлеуметтік желідегі жарнама арқылы келген. Оған 240 000 рубль айлық төлеуге уәде берілген.

Шомполов аппеляциялық шағымында «Вагнермен» келісімшарт жасау кезінде заңды бұзып жатқанын білмегенін, оған «Украинада соғыс емес, бейбіт тұрғындарды босату үшін арнайы операция жүргізіліліп жатқаны» айтылғанын атаған.

Қазақстан билігі Украинаға қарсы соғысты тікелей айыптамаса да, республика азаматтарының шетелдік соғыстарға қатысуын заңсыз деп таниды.

«Жалдамалылық»  туралы бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, ал ауырлататын жағдайларда – азаматтығынан айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін үкім шығарылуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3417
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6748