Жұма, 29 Қараша 2024
1617 1 пікір 29 Қараша, 2023 сағат 13:51

Қырғыздар мемлекеттік туын өзгертпек

Жогору Кеңештің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқық мәселелері жөніндегі комитеті 28 қарашада Қырғызстан мемлекеттік туын өзгертуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Құжатты талқылау барысында президент пен үкіметтің парламенттегі өкілі Алмасбек Абытов үкімет осы бастаманы қолдайтынын айтты. «Заң жобасын қабылдасаңдар, біз оны орындаймыз. Бұған мемлекеттік бюджеттен көп шығын кетпейді» дейді ол.

Депутат Дастанбек Жұмабеков осы мәселе бойынша референдум өткізуді ұсынып отыр. Оның пікірінше, идея авторларының уәжі көпшілікті сендіре алмады. Депутат ту мәселесі әрбір қырғыз азаматын толғандырады деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан туындағы күннің сәулелерін өзгерту қажет деген ұсынысты депутат Ұлан Примов пен Жогорку Кеңеш төрағасы Кеңеш Нұрланбек қазан айында айтқан. Бастаманы президент Садыр Жапаров қолдап, тудың өз нұсқасын ұсынған.

Қырғызстан мемлекеттік туын 1992 жылғы 3 наурызда Жогорку Кеңеш бекіткен. 5 наурызда ту алғаш рет қырғыз үкіметі ғимаратына тігілген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3417
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6748