Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 1971 0 пікір 30 Қараша, 2023 сағат 19:18

Гендерлік теңдік бойынша құзырлы мамандар пулын жасақтау қажет - Ү. Шапақ

«AMANAT» Фракциясының депутаты Ү. Шапақ Премьер-Министрінің орынбасары Т. Б. Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

 «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасында «... гендерлік теңдік қалыптастыру арқылы қоғам тең құқық пен мүмкіндік алаңына айналуға тиіс» деп атап өткен.

Гендерлік саясат – ол ерлер мен әйелдердің теңдігіне бағытталған мемлекеттік шешім мен шаралардың жиынтығы.

Қазақстандағы 2016 - 2030 арналған отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында билік құрылымдары, жеке және азаматтық сектор өкілдерінің гендерлік теңдік, сараптама және бағалау мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыру кешенді гендерлік тәсілді енгізудің қисынды буыны болуға тиіс екені айқын көрсетілген.

Тұжырымдамада гендерлік теңдік институтын нығайту бойынша мемлекеттік реттеу және мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау,  сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде гендерлік ықпал етуді бағалауды енгізу көзделген. Бұл механизм әсте іске аспай отыр.

Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қосылған, ондағы
17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады.

2009 жылдан бері мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының
және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданған.

Аталған заң әзірленіп жатқан мемлекеттік жүйені жоспарлаудың стратегиялық бағдарламалары, ұлттық жобалар, мемлекеттік тұжырымдамалар мемлекеттік саясаттың гендерлік-сезімталдық жақсарту құралы гендерлік теңдік және тең мүмкіндік тұрғысынан  талдануға шығарылуды талап етеді.  Дәл осы заң мемлекеттік билік органдарда, мекемелерде гендерлік теңдікті көтеру шараларын айқындайды.

Өкінішке орай, аталған заң талаптары орындалып жатқан жоқ. Себебі, қазіргі таңда қазақстан қоғамын дүрліктіріп, халықты үрейлендіріп тұрған отбасылық зорлық-зомбылық, жыныстық қолсұқпаушылық бойынша бұзушылықтар, саяси шешім қабылдауда жыныстық дискриминация сияқты гендерлік-сезімтал сұрақтардың өршуі дәлел.

Қазіргі таңда заң жобаларына жасалынатын міндетті ғылыми құқықтық сараптамада гендерлік теңдік құқығына нұқсан келтіруге ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау туралы жалғыз сұрақ талданады.

Құрметті әріптестер! Мәжіліске келіп түсіп жатқан барлық заң жобалар бойынша ғылыми құқықтық сараптама қорытындысының осы бөлігін сүзгіден өткізіп шықтым.

Барлығында жалғыз сөйлем: гендерлік теңдік құқығына нұқсан келтіруге ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

Демек, біздің ғылыми қауымдастық құрамында гендерлік құқықтық сараптама, гендерлік талдау, гендерлік баға бере алатын сарапшы бар ма, деген сұрақ туындайды.

Ал, мемлекеттің стратегиялық құжаттарға, ұлттық жобаларға, бағынышты нормативтік құқықтық актілерге мүлде гендерлік талдау жасалмайды.

Қолданыстағы заңдардан гендерлік бұзушылықтар кездесетін екі мысал келтірейін: Кәсіпкерлік кодекстің 79-3-бапта халықтың әлеуметтік осал топтарына белгілі көмек қызметтер көрсетіледі. Соның ішінде, отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қызметтерді көрсету көзделген. Демек, аталған психологиялық-педагогикалық қызмет
«әке мен балаға» көрсетілмейді. Анасыз баласын бағып отырған әкелер қаншама! Конституция бойынша ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында!!

Әке құқығы дискриминацияға ұшырады. Немесе Азаматтық процестік кодекстің 305-бабы. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істердің қатарында «әке болуды тану» бар. Егер баланың биологиялық анасының қолында дәйектейтін құжаттық дәлел болмаса, әйел адамның құқығы дискриминацияға ұшырайды! Бұл нормаға «ана, әке болуды тану»
деп жазылу керек.

Құрметті Тамара Босымбекқызы! Заң жобаларына ғылыми сараптама жасалатын болса, қолданыстағы заңдарға құқықтық мониторингі жасалады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған заң талабына сәйкес әйелдер
мен еркектердің құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, мүмкіндігі,
тең серіктестігі және тең мәнді нәтиже көрсетуін қатаң сақтау, гендерлік дискриминацияны болдырмау тұрғыдан талдау, бағалау қажеттілігі бар,
ол мониторинг жасаған кезде ескерілуі әбден қажет.

Тағы да бір айта кететін жәйт, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында әзірленіп, қабылданып жатқан қаулылар мен бұйрықтар, шешімдер адамның құқықтарын тікелей немесе жанама қозғайтын болса, гендерлік теңдікті сақтау  мақсатында  алдын-ала гендерлік ықпал
ету
талдау жасалу керек.

Сондықтан әр мемлекеттік органда, мекеме мен ұйымдарда гендерлік ықпал ету бағалауды жүргізе алатын құзыры бар маман немесе гендерлік теңдік бойынша құзырлы мамандар тобы болғаны абзал.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының НҚА құқықтық саралау жүйесіне міндетті гендерлік-құқықтық сараптауды және гендерлік-құқықтық мониторингі енгізу уақыт келді.

Бірінші кезекте, гендерлік-құқықтық сараптауды қазіргі жүзеге асырылатын ғылыми құқықтық сараптаманың шеңберінде енгізу.
Яғни, осы сараптаманың әдістемесіне гендерлік теңдік бойынша сұрақтар мен индикаторларды қосу дұрыс.

Екіншіден,  ғылыми құқықтық сарапшылардың арасында гендерлік теңдік бойынша құзырлы мамандар пулын жасақтау.

Үшіншіден гендерлік саласындағы біліктілікті арттыратын курстарын ұйымдастыру.

Төртінші кезекте, әр мемлекеттік органда, мекеме мен ұйымдарда гендерлік ықпал ету бағалауды жүргізе алатын құзыры бар маман болуы керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036