Сенбі, 23 Қараша 2024
1210 0 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 20:51

Астана полициясы «Құқықтық тәртіп» шарасын өткізуде

20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізілуде. Осы шара барысында 154 қылмыс тіркеліп, оның 112-сі кезекші тәулікте ашылды. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталына Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұрын жасалған 74 қылмыс ашылды.

Ұсталғандар: іздеуде жүрген 21 қылмыскер; «Заңсыз» ретінде тіркелген 56 адам;

Тыйым салынған заттарды заңсыз иемденгені немесе алып жүргені үшін 50 адам.

Жедел шара барысында 5817 әкімшілік құқық бұзушылық, 451 ұсақ бұзақылық, 661 тыныштық бұзу, 960 алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу, 2165 тіркеусіз тұру фактілері анықталды.Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 44 факт, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің басқарғаны үшін – 5 факт.

21 134 пәтерге, 3 896 жеке үйге, 871 саяжайға аралау жұмысы жүргізілді.

Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 2509 адамға және 109 қолайсыз отбасына тексеру жүргізілді.

Есеп берушілердің белгіленген шектеулерді бұзудың 21 фактісі анықталды.

610 адам Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына орналастырылды, полиция бөлімінде 1188 адам саусақ іздері алынып, фото-видео тіркелді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364