Тұрсынбек Әлиұлы. Батыс пен оңтүстікке апаратын төте жол бар ма?
Қазір ауласында көлігі жоқ үй жоқ десе де болады. Бірақ еліміздегі жолдардың жай-күйі өте нашар. Әзірше елімізде еуропалық стандартқа сай келетін бір-ақ жол бар. Ол Астана-Бурабай автобаны. Астана-Қарағанды, Астана-Павлодар автобандары салына бастады. Енді Көкшетау-Қызылжар, Астана-Қостанай автобаны салынса, еліміздің көлемі Түркиямен пара-пар солтүстік бөлігінің көлік жолдары еуропалық деңгейге шығып, тамаша болар еді...
Қазір ел орталығы Астананың аймақтармен жақсы жолдар арқылы байланысы туралы айтудың өзі артық. Астана-Алматы жолы жақсы болғанымен, өте тар. Соның кесірінен жол-көлік апаты өте көп. Ал елордамыздың оңтүстікпен байланысы дәл қазіргі жолдар бойынша алғанда өте алыс деуге болады. Астанадан Шымкентке дейін 1700 шақырым екен. Қызылордаға дейін 2000 шақырымнан асып кетеді. Екі-үш күндік жол. Сонда оңтүстікке ең төте жол қайсысы болмақ?
Астанадан Қорғалжын-Баршын-Сарыөзен арқылы Жезқазғанның Қызылжарына шығуға болады. Бұл жол қазір де бар, бірақ нашар күйде. Қызылжар мен Жезқазғанның арасы жақсы. Енді Жезқазғаннан Қызылордаға дейін 400 шақырымдық жол салынса, міне, осы жол оңтүстікке тікелей алып барар еді. Қашықтық та қысқарады. Астанадан Қызылордаға дейін бар-жоғы 900 шақырым ғана болады. Бір-ақ күндік жол.

Екіншіден, Жезқазғаннан Бейнеуге тікелей жол тарту керек. Қазір темір жол салына бастады, жанынан көлік жолын да тарту үлкен стратегиялық мәселені шешумен бірдей. Әйтпесе, қазір Астананың батыспен байланысы жоқ десе де болады. Бұл жол батыстықтарды елордаға келуде ең қысқа жолмен қамтамасыз етеді. Астаналықтар да тақтайдай тегіс жолмен жүйткіп отырып теңізге барып, шомылып, Кендірліні дамытып, шетелге шапқылай бермес еді...
Бұның бәрі, әрине, қаржыға келіп тіреледі. Ал қаржы болса бар емес пе? Қазақстанның алтын-валюта резерві 100 миллиард долларға жетіп қалды. Бірақ ол батыстың пайдасы аз құнды қағаздарына салынған. Бір сөзбен айтқанда «өлі» ақша күйінде текке жатыр. Ертең әлемде тағы да бір кризис болса ол ақшаның орнын сипап қалуымыз әбден мүмкін. Ал жолдарға салынған қаражат елді дамытады, бюджетті толтырады. Халыққа жұмыс береді емес пе?
Abai.kz