Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 2961 6 пікір 11 Желтоқсан, 2023 сағат 11:58

Алтын Орда және оның қалалары

Өз уақытында Алтын Орда империясының қарамағына кіретін, сол кезеңдегі заман талабына сай, жан-жақты дамыған қалалар мен елдімекендер көп болған.

Және осы қалаларға кәдімгідей құбырлар арқылы ауыз су тартылып, тұрғындардың күнделікті тағам дайындауына, сондай-ақ, жуынуына жағдай жасалған. Мысалы: В.Деминнің «Тайны Евразии» еңбегін оқып отырғанда, мынандай сөйлемдерді кездестіресің: «Именно это значение в первую очередь имеет в тюркских языках слово «орда» - не войско или толпа, а «юрта» (под чем понимается не только одиночная юрта, но и целое поселение)».   

Бірақ, осы кейбір ғалымдар мен жазушылардың жазған деректері шындыққа мүлдем сай келмейді. Мысал ретінде келтірсек:

...Страну под названием Золотая Орда до сих пор частенько объявляют этаким грандиозным кочевьем, скопищем «кочевых» бродяг, которые ничем другим не занимались, кроме как грабили коренные народы, а потом, свалив вокруг юрт награбленное добро, с дикарским простодушием жарили конину на бесценных рукописях, отправляли поэтов и астрономов пасти стада, а замлю полагали плоской, как доска...

А.Широкорад «Русь и Орда».

Шындығында, өз кезінде Алтын Орда империясының ел-жұрты көп жағдайда сол тұстағы Кәрі құрлық тұрғындарына қарағанда әлдеқайда мәдениетті, сонымен қатар, тұрмыс-тіршілікті жеңілдету үшін көптеген өзекті проблемаларды шешуде оқ бойы алда тұрған. Оны жоғарыда аталған орыс ғалымы В.Демин былай дейді: ...Реальность не имеет с этой ублюдочной картиной ничего общего. Золотая Орда – страна городов. Арабский путешественник Ибн – Баттута оставил описание столицы Сарая: «Город Сарай один из красивейщих городов, достигший черезвычайной величины, на ровной земле, переполненный людьми, красивыми базарами и широкими улицами.

Согласно сегодняшним исследованиям, в Золотой Орде было до сотни торговых и ремесленных городов. Потребность в развитии архитектуры, торговли, наук и искусств – все это весьма странно для образа «дикого кочевника», которому подобные потребности совершенно чужды. Но поскольку европейские историки не любят вспоминать о величии древних степных каганатов, ничуть не уступавших европейским странам, то сплошь и рядом попадаются кудрявые, логически противоречивые фразы типа: «Яркая урбанистическая восточная средневековая культура, культура полевных чаш и мозаичных панно на мечетях, арабских звездочетов, персидских стихов и мусульманской ученой духовности, толкователей Корана и математиков – алгебраистов». Это – о золотоординских городах.

Осы жазылған жайттарға зерде салып үңілсек, орта ғасырдың өзінде-ақ, көшпелі елдің (Көшпелі деуге аузың да бармайды. Тегі, жаз – жайлау мен қыс – қыстауға көшіп қонғанымен, ата-бабаларымыздың тұрмыс қажеттілігін шешетін, сауда-сатықпен айналысатын, өз өнімдерін апарып, саудаға салатын, өзге де жағдайларын шешетін, кәдімгідей иек артып, арқа тұтатын, тұрғындары тығыз қоныстанған қалалары мен үлкен елдімекендері болған. Бұл айдан анық.) Барар жері мен басар тауы болғаны талас тудырмайды.

В.Демин өзінің жұмыстарының тағы бір арасында мынандай мысалдарды келтіреді: ...Сохранилось немало свидетельств о том, как Угедэй (Үкітай. Біз әр уақытта Шыңғыс ханның өзімен және оның ұлдарын, сонымен қатар,  немерелерін және Алтын Орда империясының хандарын, қолбасшыларын түркі тілінде жазуға тиістіміз. Өз заманында бұларды Еуропаның саяхатшылары мен ғалымдары өз тіліне жақындатып, грамматикалық қателіктерімен жазған. Мысалы: Жошы – бұл Жолшы, Үгедей – Үкітай, Хубилай – Құбылай,  Хулагу – Құбағұл, Бату – Батыл, Алгуй – Алғыр тағы сол сияқты. Тіпті, Кеңес үкіметінің тұсында да біздің де ата-тегіміз (фамилия) әріптік қателермен жазылатын еді ғой. Оны кейін, Тәуелсіздік алған соң, түзеттік емес пе?! Осыны естеріңізде ұстаңыздар.) раздавал просителям и просто бедным немалые деньги из государстевнной казны. Чиновники его канцелярии частенько пеняли великому хану на это расточительство – на что он ответил так: «Те, кто в этом (накоплении сокровищ) усердствует, лишены разума, так как между землей и зарытым кладом нет разницы – оба они одинаковы в своей бесполезности. Поскольку, при наступлении смертного часа ( сокровища) не приносят никакой пользы и с того света возвратиться невозможно, то мы свои сокровища будем хранить в сердцах, и все то, что в наличности и что приготовлено, или поступит, отдадим подданным и нуждающимся, чтобы прославить доброе имя». 

Көрдіңіз бе, сол заманның өзінде-ақ, алыстағы ата-бабаларымыз жетім мен жесірге, тұрмысы әлсіздер мен қиналып жүргендерге көмек көрсетуді және жағдайларына қарасуды әрдайым естерінде ұстаған. Мұны, олар құрметті, сондай-ақ, сауапты жұмысқа балаған.

...Многие из детей и внуков Чингисхана выбрали религию в соответствии со своими наклонностями: некоторые приняли ислам, другие – христианство или стали идолопоклонниками, некоторые примкнули к старинным верованиям своих отцов и дедов... они остерегались проявить хоть малейший фанатизм и не отклонялись от законов Чингисхана: уметь уважать все веры и не делать различия между ними.

Кәрі құрлық елдері (Еуропа) мұндай шыдамдылыққа жиырмасыншы ғасырдың аяғында ғана келді. Осыған қарап, Ұлы дала адамдарының айтарлықтай ұстамдылығы мен төзімділігін анық көруге болады.

Енді бір айтпағымыз, Еуразия кеңістігін тұтастай алып жатқан Алтын Орда қағанатындағы білім мен ғылымның қай деңгейде екендігін көрсете кетейік. Оны А.Бушковтың Ұлы қағанат туралы жазған еңбегінен аңғаруға болады: ...В стихах золотоордынского поэта Сайфи – Сараи (1321 – 1396) есть прелюбопытнейшие строчки:

«Узнала любви притяженье душа,

Землей вокруг Солнца круженье верша».

За сто пятьдесят лет до Коперника... То, что Земля обращается вокруг Солнца, предстает не как ошеламительная научная сенсация, а как проходная фраза, содержащая всем известные истины...

Марко Полоның кітабын зерде салып оқығанда, сол кезеңде Еуропа әлі пайдалана қоймаған көмір жағудың, әдіс-тәсілі кеңінен сөз болады.

Правда, что во всей провинции кочевников есть способ применения черных камней: эти камни добывают в горах, и они горят, испуская пламя, как поленья: они сгорают полностью, как древесный уголь. Они долго горят, и готовить на них легче, чем на древесине… потому что они лучше и стоят меньше, чем древесина, которую таким образом экономят.

В Золотой Орде, кстати, никаких монголов нет. Куда ни глянь – повсюду тюрки, тюрки и еще раз тюрки. Золотая Орда является чистейшим Тюркским миром.

Біз сөз қылған Алтын Орда империясы - шыныменде Ұлы даладағы (әсіресе, Дешті Қыпшақ тұрғындарының) түркі жұртының, қайталап айтамыз, тек қана түркі жұртының Ұлы қағанаты болғандығын түсінеміз (Бұл империяларды құруға: қазақ, қырғыз, өзбек (өзбек болып жазылған сарт-тәжіктер емес, осы елдің құрамындағы кезінде көшпелі болған түркі тайпалары), қарақалпақ, түркмендердің ата-бабалары ат салысқан). Кейбір сөйлемдерде «татарлар» деп жазылғанымен, ол қазіргі «татарларға» ешқандай қатысы жоқ. Олар, атам заманнан келе жатқан Поволжьелік Булгарлар. Олардың «татар» аталуы, Алтын Орда империясының тұсанда емес, бірнеше ғасырдан кейін. Иван Грозныйдан бергі уақытта айтыла бастаған. Алтын Орданы өздеріне «тартып» жүргендігі, ол империяның дақпыртына қызыққандығы, көралмастығы. Қазіргі татарлардың да және моңғолдардың да Дешті Қыпшақ азаматтары тұрғызған Ұлы да алып империяларға ешқандай қатысы жоқ. Ол, бос сөз. Еуропалық саяхатшылар мен саудагерлердің кезінде жіберген  қателіктері.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052