Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2261 12 пікір 11 Желтоқсан, 2023 сағат 13:06

«Мәңгілік» Путин

Еске сала кетейін, келесі президенттік «сайлау» 2024 жылдың 17 наурызында өтуі керек. Жақында ресейлік БАҚ Кремль басшысының тағы да алты жылдық президенттік мерзімге үміткер болғысы келетінін хабарлады.

Егер Путин тап осы сайлауға қатысатын болса, Ресейдің қазіргі саясатында қарсы елеулі кандидаттар жоқ болғандықтан ол сөзсіз жеңіске жетеді. КСРО тарағаннан бері өткен әрбір сайлауды Кремль әрқашан бұрмалап келеді. Орталық сайлау комиссиясын бақылауды өз қолында ұстаған билік парламенттік сайлау додасының соңғы сәттінде электронды жүйеге қазіргі саяси жағдайға барынша сәйкес келетін түпкілікті нәтижені енгізеді.

Бұл қалыпты парламенттік сайлауға қатысты болса, ал, президенттік сайлау барысында Кремль негізінен саяси қозғалыстардың әрбір қалт еткенін, әсіресе сайлаудың соңғы көрсеткіштерін жариялауды бақылайды. Соңғы 23 жылда Ресей Федерациясындағы саяси оппозиция толығымен жойылып, қалған саяси бірлестіктер мен қозғалыстардың не саяси әлеуеті жоқ, не болмаса басы бүтін ФСБ бақылауында қалпақ астында ұсталынып отырған жайы бар.

Жиырма жылдан астам ресейлік БАҚ Ресей азаматтарының басына «елде Путиннен артық кандидат жоқ» деген таным-түсінікті сіңірумен келеді. Ресей қоғамының көпшілігі мұнымен келіседі және Ресей Федерациясының ең ұзақ қызмет еткен президентіне құлшылық ұра табынады. Ресейдің жас ұрпағы Ресейде билік басында бір кездері басқа тұлғалардың болғанын мүлдем білмейді. Олар өмірге келген сәттен бастап әрқашан Путин елдің бірден бір билеушісі болды. Басқаша болуын олар көз алдарына мүлдем елестете де алмайды.

Сонымен Путин өзі қатысатын келесі президенттік «сайлауға» дайындықты бастауға бұйрық берді. Ол бірінші турда кемінде 70 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетуі керек екені айқын бола түсті. Бұл тәсіл Путиннің соңғы сайлаудағы жеңісінің әдеттегі схемасы және 2024 жылдың көктемінің басындағы басты ұстанымы болып  қала береді.

Путин осы жолы жеңіске жеткеннен кейін Ресей Федерациясын 2030 жылға дейін басқарады да, 2036 жылға дейін қайта сайлану үшін тағы бір мандатқа ұмтылуы әбден мүмкін. Бұл Ресейдің алдағы 13 жылдағы саяси дамуының қандай болатынын өзінен-өзі танытады деген сөз.

Шындығында, уақыт бір орында тоқтап қалып, ресейлік азаматтардың көпшілігі барлық маңызды мемлекеттік іс-шараларда бір адамның ғана қолында болуын әрдайым тағатсыздана күтетін құлдық сана құрсауында ұстайды. Дәлірек айтқанда, алты-жеті жылдан бері сыртқы түрі Путинге ұқсас. әр түрлі егіз қозыларды теледидардан жиі шығатынын көріп жүрміз. ФСБ-ның қастандығы мен жоспарына сәйкес, Путиннің маңында оның үш сыңары бар, олар оқтын-оқтын теледидардан, кейбір ресейлік форумдарда және маңызды шараларда бой көрсетіп қояды.

Олар өздерінің антропологиялық құрылымы жағынан, әрине, біреуінің бойы ұзын, екіншісінің қолы басқа, үшіншісінің өз дерті бар дегендейін әртүрлі адамдар. Осындай ФСБ құйтырқылықтың арқасында халық көбіне өздерінің алдында кім тұрғанын Путин бе немесе оның сыңары ма біле бермейді. Путинді кем дегенде 2000 жылдан бері танитын саясаткерлерге ған ақ-қараны вйыра алады. Қазір желдей ескен кесеует нағыз Путин енді жоқ болуы да мүмкін, тірі болуы да ықтимал. Осылайша, ФСБ-да нағыз Путин өлсе, оның үш сыңарының біреуі 2036 жылға дейін тірі қалатын сценарийі тереңнен ойластырылған. Бұл егер қажет болса 2024 жылғы сайлауға да қатысады.

Егер олар 2030 жылға дейін, яғни келесі президент сайлауы жоспарланғанға дейін өмірден озып кетсе, келесісі оынң саяси ұзақ ғұмырына жалғастырып, арнайы әскери операцияның көмегімен орыс халқын тізе бүктірген және қазір оны «жарқын болашаққа» жетелеп отырған шешуші тұлғаға айналып, көпшіліктің зор ілтипатымен тағы бір мәрет президент тағын иеленеді.

Ресейліктер көбіне қарақан бастары үшін өмір сүреді. Айналаснда болып жатқан саясатқа онша қызығушылық танытпайды. Сол себепті, ФСБ ВВП ұқсас жандарды өмірінің соңына дейін президент Путин болып көрінуге мәжбүр етеді. Олар бұл рөлден жалықпаған сияқты, ал амбициясы бар кейбір көшірмелер тіпті саяси деңгейде түпнұсқадан да көп нәрсеге қол жеткізе алады. Путинді ФСБ «мәңгілік өмір сүретін» тұлғаға айналдыруға шындап крісіп кетті.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608