Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 2086 2 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 16:02

Испан премьері: Құдысты мемлекет деп тануымыз керек!

«Telecinco» телеарнасына берген сұхбатында Испания Премьер-министрі Педро Санчес Израильдің ХАМАС-қа қарсы жауап беруін «ақылға сыйымсыздық» деп атады.

Оның ойынша 7 қазанда болған оқиғаға Израиль жағы байыппен қарап, неге соққы жасағанын саралап барып, әлем жұртшылығының пікірімен санаса отырып қимыл жасауы керек еді.

Бұған дейін, яғни, қараша айында Испания Премьер-министрі: «ХАМАС шабуылы үшін жауап берудің ақыры мыңдаған балалардың өмірін қиды. Бұны Израиль жағы баса-көктеп Құдысқа кірмей, ақылмен шешуі керек еді», - деген пікірін алға тарта отырып, халықаралық қауымдастықты Құдысты мемлекет ретінде тануға шақырды.

Әрі Педро Санчес Газа секторында Израиль гуманитарлық құқықты сақтайды дегеніне күмән білдіретінін ашып айтты.

Испания Премьер-министрі Еуропада бірінші рет ХАМАС және Құдыс тәуелсіздігін жақтаған тұлға ретінде Араб әлемінде зор беделге ие болды. Бұған жауап ретінде Израиль Мадридтегі елшісін кері шақырып алды және Израиль СІМ-і Испания елшісін өзіне шақыртып алды.

Сонымен ХАМАС-ты қолдаған бірінші Еуропалық ел ретінде Испания мұсылман әлемінде зор бедел жинады. Израильге бүйрегі бұратын Батыс сарапшылары бұны бір кездегі жөйіттерді қуғынға ұшыратқан испан инквизицияның жаңғырығы деп тани бастады.

Құдыстың өз тәуелсіздігін алуы ХАМАС шабуылының арқасында мүмкін болды деген пікірлер әлемдік саяси ортада кеңінен тарай бастады. Бұған Израиль жағы әсте көнгісі келмейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618