Амангелді Сейітхан. Тіл мен зіл
Тіл мен зіл
Мемлекеттік тіл жайындағы жиында ашынып сөйлеген Зиялы үйіне келгеннен соң орысша ойлап, орысша сөйлейтін немересіне ұрса жаздады. Бірақ дер кезінде тоқталды. Келінінің көңіліне келетінін біліп. Келін зілді еді.
Жөнді жазушы
Әкімді сырттай сыбап, сынап, сілкілеп алатын жазушы енді өңір басшысының қабылдуынан бірақ шықты. Кісіге кезек беретін емес. Өзі ғана орып отыр. Облыс өркендеп келе жатыр екен, мемлекеттік бағдарламалардың бәрі дерлік биік деңгейде орындалған. Осының бәрін тілге тиек еткен жазушы бірінші басшыға да біраз ода айтты. Енді ойланып отыр. «Облыс әкімі жөн-жоралғы дегенді білетін жігіт па екен», - деп.
Жауын мен қауым
Кенет жауын жауды. Жүз отыз азамат бір қолшатырға ұмтылды. Бәрі де сиған секілді еді. Шетіндегі біреуі малмандай су болыпты. Іштеріндегі толеранттысы да сол ма дерсің.
Сынауға сұрау
«Жұмыс істейтін жеріңді сынама», - деді ағам. «Су ішкен құдығыңа түкіргенмен бірдей», - деп қостады жеңгем. Шынымды айтсам сол жердің суы біртүрлі. Кермек тати ма, көбік ата ма... Менен бұрынырақ біреу қамданған секілді..

Түңілуге үңілу
Көршім түңіліп отыр. Көңілін сұрадым. Атылып берді. Ұққаным мынау. «Тұрсынбек Қабатовтың қалжыңдарына қарқ-қарқ күліп, «Тракторшының махаббатын» тұщына көретіндер Абай ақсақалдан адасып қалғандар». Үңіліп қарасаң қисынға келетін секілді ме..
Нетіп қалған тетік...
Ана бір әпенденің айтқаны. «Бағзы заманда бір тайпа елін сату жайында кеңесіпті. Кәдімгідей қызыл кеңірдек болған. Депутаттардың алпыс пайызы қарсы дауыс беруге пәтуласқан. Содан мәселе дауысқа қойылып, қортынды шығарылғанда қарсы болған ешкім табылмапты. Шамасы тетік кінәлі».
Сесі кем сессия
Қалаулылар бұл күні белсене алмады. Күн тәртібіндегі мәселе кісі қызығатындай емес екен. Қазақ тілінің қолдану аясы. «Сесі жоқ тақырып», - десті өзара. Сосын тетрис ойнауға кірісіп кетті.
Кеш пен көш
Жаңа жылдық бағдарламаларды талқылауға қатысқандардың арасында креативті жігіт те бар еді. Ұсыныстың көбін айтқан да сол. «Орыстар өз тарихына үңіле отырып сценарий жазады», - деді. «Қытай халық сазын іздейді екен». «Өзбектер аспаптарын алға шығарады». «Кәрістер салтын төрге оздырады». «Түріктер өткенінен ертегі жасап береді». Осының бәрін тыңдап алған басшы шешім қабылдады. «Орыстың тарихына үңіле отырып, кәріс салтының негізінде түрік ертегілері тәріздес мюзикл жасаймыз. Көштен қалып жүрмейік».
Abai.kz