Жұма, 22 Қараша 2024
Бірлігіміз жарасқан 3720 0 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 13:23

Менің жаным да, жүрегім де – қазақ!

Амирасланова Нилуфар Алмасханқызы – қазақ тілінде еркін сөйлейтін әзірбайжан қызы. Қазақстан Республикасының «Шапағат» медалінің иегері. Көкшетау қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы университеттің маңдайалды түлегі. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының неміс-ағылшын пәндерінің мұғалімі. Қазақ тілінен бөлек, алты тілді емір еркін сөйлейді.

Атап айтқанда, полиглот ұстаз қазақ, әзірбайжан, орыс, ағылшын һәм түрік тілін ана тілі дәрежесінде меңгерген. Мемлекеттік тілді меңгеруді өмірлік парызы деп санайтын Нилуфар Алмасханқызымен танымдық сұхбат құруды жөн көрдік.

– Алдымен өзіңізді көпшілік оқырманға таныстырып өтсеңіз? Қазақ тілін қалай меңгердіңіз? Ана тілімізді меңгеру барысында қандай да бір ауырпалықтарды сезіндіңіз бе?

– Менің ныспым – Амирасланова Нилуфар Алмасханқызы. Ұлтым –Әзірбайжан.  Өзім Әзірбайжан Республикасында дүниеге келгенмін. Алайда Қазақстаның әсем қаласы Көкшетауда білім алып өстім. Әзірбайжан ұлты болғаныма қарамастан, менің жаным да жүрегім де – қазақ. Әрине, кез келген тілді үйрену оңай процесс емес, бірақ мен қазақ тілін туған анамдай қатты жақсы көремін, сондықтан да қазақ тілін үйрену – мен үшін нағыз рахат сезім болды.

– Арқаның кербез сұлу Көкшетау қаласында білім алдым дедіңіз. Нақты қай мектепте білім алып едіңіз? Сол жайында айта отырсаңыз.

–  Қазақ тіліне деген қызығушылығым – мектеп қабырғасында пайда болды. Көкшетау қаласының № 8 орта мектебінде оқыдым. Осы мектепте оқып жүргем кезінде қазақ тілі мұғалімдері маған қазақ тілі ұнайтынын байқап, мені түрлі республикалық, облыстық олимпиадаларға дайындай бастады. Ұстаздарымның ерен еңбегінің арқасында жүлделі орындарға ие болдым. Сондықтан да менің  ардақты ұстаздарыма,  Қазыбаева Тұрсынгүл Дәулетқалиқызы һәм Кантарбаева Гүлнар Рамазанқызына айтар алғысым шексіз.

– Естуімізше, сіз қазақ тілінен бөлек орыс, неміс, ағылшын тілдерін жетік меңгеріпсіз. Бұл тілдер арасындағы балансты сақтау аса қиын емес пе? Жалпы, тілді меңгеру үшін алдымен не істеу қажет? Оқырмандарға кеңес берсеңіз...

– Өткен сұхбаттарымда парақтап айтқандай, белгілі бір тілде сөйлеу үшін алдымен сол тілде ойлана білу керек. Мәселен, ағылшын тілінде сөйлеген келеді ме, ендеше сол тілде ойлануды баста. Әрине, басында қиын болады. Бірақ бұл өз уақытымен келетін нәрсе. Осы тілдерде жақсы сөйлеу мақсатында мен мектептегі оқушыларыммен бірге түрлі тілдерде сөйлесуге тырысамын, бұл маған тілдер арасындағы байланысты жоғалтпауға және оқушыларымның сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

– Қазақ тілінді қандай кітаптар оқисыз? Кімнің шығармасын қайталап оқығанды ұнатасыз?

– Менің сүйікті ақындарымның бірі – Абай Құнанбаев. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздерін оқығанды ұнатамын. Хакім Абайдың философиясы қатты ұнайды. Одан бөлек Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қайтара оқығанлы жаным сүйеді. Мысалы, оның – Туған жер өлеңі. Осы өлеңді сан қайтара оқысам да жалықпаспын. Алғаш рет бұл өлеңді мектеп қабырғасында оқып жүргенімде жатқа білдім, содан бері бұл өлең менің жаныма терең еніп кетті. Мысалы, өлеңнiң мына жолдары маған ерекше ұнайды десем арттық болмас:

Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым  – сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Алтын діңгек –  өзім туған босағам.

– Тар жолда тайғақ кешуі мен сергелдеңі көп, бірақ нәтижесі көңіл жұбатарлық ұстаздық жолды таңдауыңызға не себеп? Мұғалім болудың қызығы мен жышығы неде деп ойлайсыз? Ұстаз болу бала күнгі армаңыз ба?

– Оқушыға – сәттілік, мұғалімге – қуаныш. бұл мақал мені бейнелейді. Өйткені мен оқушыларыма пайдалы болғанды жақсы көремін. Мен балаларға тілді ғана емес, әртүрлі мәдени құндылықтарды да үйрете алатыныма қуаныштымын. Мұғалім болу – мен үшін бұл бақыт, балаларды оқыту маған бақыт әкеледi. Менің жұмысымның артықшылығы – менде көптеген қанағаттанарлық оқушылар бар, олар маған әрқашан оларға берген білімім үшін алғыс айтады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан, Алтыншаш Курманаева 

Көкшетау қаласы, №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мұғалімі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236