Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Билік 3565 1 пікір 14 Желтоқсан, 2023 сағат 16:15

"Жаңа қазақ әдебиеті" жобасы: 14 кітаптардың тұсаукесері өтті

Бүгін Алматыда "Жаңа қазақ әдебиеті" жобасы аясында жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастырды.

Айтулы жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қуантай және қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, мемлекеттік бағдарламамен жарыққа шыққан кітап авторлары мен кітапты шығарушы баспагерлер, кітапхана қызметкер қатысты.

"Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап индустриясын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жарық көрмеген, әдебиетке тың серпін берген және қазақ әдебиетінің жаңа келбетін қалыптастыруда айрықша орын алатын әдебиеттер басылып шығатыны баршаңызға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында"- деді Арман Жүдебаев.

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарламамен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсы 3 мың данамен еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізілді.

Биыл жарыққа шыққан 14 кітаптың барлығы да еліміздегі кітапханалардың қорын толықтырады.

Жиын барысында іс-шараға қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2939
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1011
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 950