Жексенбі, 24 Қараша 2024
1393 0 пікір 18 Желтоқсан, 2023 сағат 11:56

West oil жұмысшылары 7 күннен бері ереуілдеп тұр

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде West oil компаниясы жұмысшыларының наразылық жасап тұрғанына 17 желтоқсанда 7 күн болды. Тұрғындар ауылға арнайы жасақ әкелінгенін хабарлады.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, арнайы жасақ ауылдағы мәдениет үйіне шоғырландырылған.

Жұмысшылар үш талап айтып отыр: West Oil компаниясын "ҚазМұнайГаздың" балансына қосу, бірыңғай төлем жүйесін енгізу және материалдық-техникалық базаны жаңарту. Наразылыққа шамамен 500 адам қатысып жатыр. Наразылар қақаған аязда күні-түні далада тұр. Олар талаптары орындалмайынша тарамайтынын айтады.

17 желтоқсанда ереуілшілерді қолдап жаңаөзендіктер келді. Азаттықтың тікелей эфирінде олар жұмысшылар орынды талаптар қойып отыр, билік халықтың талабына құлақ ассын, жұмысшыларды қудаламасын деді.

"Мұндағы жұмысшылардың әрқайсысының 4-5-тен баласы бар. Алатын жалақылары мардымсыз. Жұмыстары ауыр. Айдан айға әрең күн көріп отыр. Билік бір ай мұнайшының етігін киіп, осылардың өмірін сүріп көрсін" деді жаңаөзендіктердің бірі, он баланың анасы.

West Oil Software өз талаптарын былтыр қазанда да көтерген. Содан бері олардың еңбек дауы жалғасып келе жатыр.

"ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорны Oit Transport corporation ЖШС - 2002 жылы "Бозащы технологиялық транспорты", "Жетібай технологиялық транспорты", "Маңғыстау технологиялық транспорты" кәсіпорындары мен "Арай" кәсіпорнын біріктіру арқылы құрылған.

2018 жылы Бозащы технологиялық транспорт басқармасы "БозащыТрансҚұрылыс" және West Oil Software компанияарына сенімді басқаруға берілген.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602