Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алаң 1676 4 пікір 19 Желтоқсан, 2023 сағат 15:15

Әнші де, имам да арзан жарнаманың артында жүр...

Осы біз аңқаулық пен пайдакүнемдік, тегін нәрсеге құмарлық ауруынан қашан құтылар екенбіз?.. Қанша рет маңдайымызға тиіп жатса да, одан сабақ алмайтынымыз қалай?

Өткенде қаржы пирамидасын қайта-қайта жарнамалап, халықты адастырып, қалтасын қампайтқан біраз әртістер мен блогерлер сотталып еді. Енді одан бір қортынды шығара ма деп едік... Қайдан?

Алматы облыстық прокуратурасының хабарлауына қарағанда, елімізге белгілі әртістер мен спортшылар тағы да сол әуеніне басыпты. Бұл жолы олар ана "Саумал" деген жылқының сүтін "қандай да ауруға мың да бір ем" деп, тағы да халықтың қалтасын қаққан. Ал шындығында ол таза дәрі емес, тек биоактивті дәрумен (витамин) есебінде тіркелген. Демек, ол ешбір ауруды емдей алмайды, тек денеңді сергітіп, әлсіреген жанға қосымша қуат береді. Тек қана сол. Мұны қазір көзі ашық екінің-бірі біледі. Ал атақты әншілер мен спортшылардың мұны білмей қалуы мүмкін бе? Әй, қайдам? Мұның астарында оларды күмәнді дүниені жарнамалауға итермелеген басқа бір құдіретті нәрсе шығар?.. Әлде қазақ айтпақшы, "Дәніккеннен құныққан жаман" болып шықты ма екен?

"Евразия" арнасының айтуына қарағанда, бұл "жарнамашылардың" қатарында еліміздің сүйікті әншісі Роза Рымбаева да бар көрінеді. Енді өзгесі-өзге бұл кісіге не жорық? Неден қиындық көріп жүр? Адасқан жұртқа басу айтып, тоқтатудың орнына, бұл не қылығы? Әлде біз орнатқан капитализм деген қоғамда ондай-ондай бола береді ме екен? Кім біліпті? Ақша билеген заман ғой.

Мұны да аз десеңіз, әлемжеліде ерекше белсенді, оқырмандары мен жазушылары да мол Нұрлан имам деген атағы бар жұртқа кеңінен танымал азамат саумалды жарнамалауда бәрінен де асып түсті. Бұл имам Қазақстанды былай қойып, сонау қасиетті Меккеге барып, қолына саумалдың құтысын ұстап тұрып, бүкіл араб жұрты бұл сусынға аса таң қалып, жаппай ішіп жатқандығын хабарлады. Ойпырай, дін жолына түскендер де иманнан безген бе? Бүйте берсе, бара-бара "бұл қасиетті сусында кезінде Мұхаммед пайғамбар да ішкен" деп соқпасына кім кепіл?

Біз бұған не дейміз? "Құдай сақтасын" дегеннен басқа ойға не келеді? Бір төрелігін айтатын біздегі мүйізі қарағайдай акдемик дәрігерлеріміз де үнсіз.

Атпақшы, Қазақ радиосы сол саумал жайлы тағы да әлемге жар салып, сампылдап жатыр.

Жайберген Болатов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608