Жексенбі, 24 Қараша 2024
Талқы 1825 2 пікір 19 Желтоқсан, 2023 сағат 17:18

«Аман...» жәйлі мақала әділетті жауап іздейді

Сурет әлеуметтік желіден алынды

«Аманы түзудің амалы түзу» атты мақалада басты ой - назарға алғаным «Ассалау…ды» дәріптеу емес, «армысыз» сөзі біріншіден, қазақтың амандасу мақсаты мен аман әдебін бейнелей алама?

Екіншіден, кино, роман, өлең сиақты жазушының еркінде болатын көркем әдебиет жанырларында емес, нақты тарихи деректерде бар ма?

Осыларды грамматиканың айтылым заңы; ой- қисын заңы (логика); аман әдебі жақтарынан әуелі, дәлелдеп алайық, өйткені біз бір мемелекетке өкілдік етіп отырған орталық қаланың заңды билеріміз. Жас ұррпаққа тәлім- тәрбие беретін міндетіміз де бар, ғылымға жүгіне отырып нақты дәлел- пәктімен ұлтымыздың амандасу мақсаты мен әдебіне сайса онда түк те тұрған жоқ, қолдана береиік.

Тіл ғылымы, ой ғылымы, халқымыздың амандасу салттық әдебіне симаса оған (армысызға) жабыспай «сәлем!», «аман- есенсіз бе», «сәлеметсіз бе» деген сияқты қолданыста бар ежелгі сөздермен амандасайық. Көрінген көкаттының «Армысыз»- қазақ аманының басы еді», «аман визиті еді…» дегеніне талғаусыз ермей, сөздің этимологиялық мәніне, ұлтымыздың аман мақсаты мен әдебіне, аман- сәлем тарихына сай келу- келмеуін зерделей алатын келесі ұрпақ алдында ұялмау үшін осы бастан өзіміз көз жеткізе дәлелдеп алып «ел орда билер кеңесі» атынан қолданысқа жолдағанымыз абзал, ағайын.

Тіпті болмаса «ассалау... араб қып жібереді» деген танымы таяз біреулердің тантығына жабыспай «Әссәләму әликум» (ассалаумағаликум) деп ежелгі аман әдебімен жүре берейік. Арысы мың, берісі 5жүз жыл айналасында еш уақытта арабқа айланып кетпей- ақ қолданып келе жатқан осы бір ауыз өз тілімізге сіңіп кеткен тегі араби сөзбен араб бола қалатын тексізде, ессіз де емеспіз ғой, ата- бабаларымызда «амандық Алладан, жамандық жаратушысыз аздырудан...» екенін білген соң аман алдын Алладан бастаған шығар. Ендеше армымыз сөзін қажетті ғылым жолдарымен зерделеп көрейік:

1. «Армысың» сөзін грамматикалық жақтан талдағанда сөздің түбірі ар (дерексіз затесім). Онымен мәндес «ұят, ұждан» сөздеріде бар. Зат есімнің онан өзге қолмен ұстап көзбен көретін «адам, кісі» деген сияқты деректі ұғым беретін түрлеріде жетеді. Мейлі қайсы түрдегі затесім сөзіне «мысың, місің» шылауын жалғап біреуге қаратып айтса ол «ұят+пысың», «адам+бысың», «ар+мысың» деген сияқты ұғым тудырады. Ондай зат зат есім сөздеріне шылау жалғауымен аман орнына қолдануды грамиатиканың айтылым заңы көтермейді.

2. Логикалық жақтан талдағанда да амансыз ба, сәлеметсіз бе деп басқалардың аман- саулығын ұғысу мақсатындағы жақсы көңілін бұрмалап оның ар- намысына соқтыға (арың бар ма, арлымысың... дегендей) сөйлеу де ой- қисынға симайды.

3. Қазақтың байырғы аман әдебі ел-жұртының, отбасының, мал- жәнінің амандығын білу үшін әуелі, жаратушы ие атымен аманы сұралады. Сосын, ізгі ниетпен денсаулығы, отбасы және мал- жанының хал-жәйі сұралады, ешқашан көрген жерден оның ар- ұятынының бар- жоқтығы (тергелгендей) сұралмайды. Осы әдеп бойынша қарағанда да «армысың» сөзі аман әдебіне үйлеспейді.

4. «Армысың» деп «амандасу» ойдырмасы қазақ жазба тарйхынан бұрынғы «ертегі- аңыз», «тұрмыс салт жырларында» кезікпейді. Ертеректегі жазба тарихымыздың бір парасы деп жүрген «М.Қашқари сөздігінде» тілімізде «ар» сөзінің барлығы, оның мән- мағнасы айтылған, қазақтың «аманының басы еді» деген түсінік бермеген.

Бұқар жырауда «армысыздан» басталатын өлең болған, ол білген кісіге аман емес, жұрт назарын өзіне аудару үшін шеберлікпен қолданған «арлыларым», «жақсыларым» деген сияқты эмоциялық мәндегі қаратпа сөз, ол ешқашан қазіргі ділмәрлардың «армысызға» «армын», «бармын» деп жауап береді деп ешқисынсыз «базарлатып» жүргеніндей емес, эмоциялық қаратпа сөз ешкімнен жауап күтпейді. Ал қазақы аман жауаппен болады.

5. Біз қарсы тұратын қазіргі арабқұлдардың теріс әрекеті, киімі, сақал- мұрт қойю үлгісі, тықпалап жатқан қажетсіз сөздері аз болып тұрғандай атамзаманнан ешкімге тидірер зияаны жоқ «Әссәламнан...» «араб болып кетеміз» деп қашқалақтаудың аржағында қанға дейін сіңіп кеткен әтейістік сыңай мен әсіре қазақшылдық жатқаны анық, бұрындардағы «әсіре солшылдық», «әсіре оңшылдыққа» ұқсайтын мұндай ұстаным қай күнде де қазаққа опа қылмаған, қашанда тарихи шындық пен қазіргі дәуір қажеті сәйкесе дәлел- пәктімен ғылми жүрілгені дұрыс деп қараймын.

Қалай амандасу әркімнің өз еркі деген күннің өзінде айтылым заңына, ой- қисынға, ежелгі аман әдебіне сиятын «сәлем!», «сәлеметсіз бе...», «аман- есенсіз бе...» деген сияқты арғы- бергі тарихта бар жалпыға түсінікті, ұрпаққада ұялмай жауап бере алатын амандасуды жолға қойу жөн деп қараймын.

Мақала жазудағыит мақсатым да осы мәселелер жәйлі ой бөлісу еді.

Әлі де жұрт талқысына ұсынып әділетті жауап күтемін...

Жұмашәріп Шаһдатұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602