Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
2613 1 пікір 20 Желтоқсан, 2023 сағат 15:45

Қырғыздар мемлекеттік туын өзгерту туралы заңды қабылдады

Жогорку Кенеш отырысында депутаттар ел туын өзгерту туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Кабар агенттігіі хабарлайды.

Заң жобасын 59 депутат қолдаса, тағы бесеуі оған қарсы дауыс берді.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік символын өзгерту ұсынысын – спикер Нурланбек Шакиев пен депутат Улан Примов жасаған болатын. Олардың сөзінше, қазір тудың ортасындағы күн сәулесі мен түндік түрліше қабылданады. Біреулер оны күнбағысқа ұқсатса, енді бірі киіз үй бөлігі ретінде көреді.

Дауыс беруден кейін палата төрағасы әріптестерін туға түзетудің енгізілуімен құттықтады.

Мәлім етілгендей, заң жобасы Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қырғыз Республикасының туын жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, тудағы толқын тәрізді сәулелердің пішінін түзу сызықтарға өзгерту ұсынылған. Ел президенті Садыр Жапаров бұл бастаманы қолдайтынын білдірген еді.

Қырғыз халқы мемлекеттік рәмізді өзгертуге қарсы наразылық акциясын өткізген болатын.

фото: 24KG

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1376
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2954
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1021
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 961