Жексенбі, 24 Қараша 2024
1572 0 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 13:58

Украина шетелдегі азаматтарын әскерге шақырмақ

Украина соңғы жылдары шетелде жүрген азаматтарын әскери қызметке шақыра бастайды. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров WELT TV неміс телеканалына берген сұқбатында айтты.

Оның сөзінше, Германияда және басқа елдерде тұрып жатқан 25 жастан 60 жасқа дейінгі ер азаматтар Украина қарулы күштерінің әскерге шақыру бөлімшелеріне келуі тиіс.

"Барлығы үшін әділетті болсын деп жатамыз, өйткені мәселе біздің қауіпсіздігіміз жайында. Оларға шақыру жібереміз. Әзірге әскерден қашқандарға қандай шара қолданылады белгісіз, бірақ оны талқылап жатырмыз", - деді Умеров.

Украина Ресей шабуылдарының мысын қайтару үшін 450-500 мың әскерді мобилизацияламақ. Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында мобилизация өте сезімтал тақырып екенін айтқан.

"Армиядан миллионға жуық адамды мобилизациялау өтінішін алғаннан кейін тиісті басшыларға әскерге шақыру жоспарын әзірлеуді тапсырдым", – деген Зеленский.

Украина мемлекеттік статистика қызметінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы бұл елде 18 жастан 60 жасқа дейінгі 11 миллион ер адам тұрған.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576